Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет221/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
салада ерекше маңызы бар, жалпы 
өнер туралы, әдебиеттің тарихы мен 
тео риясы туралы ұлттық әдебиетта
ну 
ғылымында ең алғаш жазылған ең-
бек – А. Байтұрсыновтың «Әдебиет 
танытқыш» (1926) атты оқу құралы 
болды. Үлкен білімдарлықпен, ғы-
лыми терең дәлдікпен жазылған бұл 
еңбек екі-үш жылдан соң авторы 
ұсталып кеткендіктен, көпшілік ара-
сына кеңінен тарап үлгермеді. Соны-
мен қатар, ұлттық әдеби-теориялық 
ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсететін 
ғылыми мәні соңғы уақытқа дейін 
дұрыс бағаланбай келді. «Әдебиет 
танытқыштың» қазақ әдебиеттану 
ғылымында алғашқы ғылыми зерттеу 
екені енді ғана айтылып, нақты бағасы 
беріліп жатыр. Ғалым Р. Нұрғалиев: 
«Қазақтың ұлттық әдебиеттануының 
ғылыми негізі, методологиялық ар-
налары, басты-басты терминдері 
мен категориялары түп-түгел осы кі-
тапта қалыптастырылған» десе, тіл-
ші Р. Сыздықова: «Байтұрсыновтың 
«Әдебиет танытқыш» атты көлемді 
еңбегі – әдебиеттану ғылымы мен 
қазақ әдебиеті тарихына арналған 
тұңғыш зерттеу жұмысы: ...Мұнда 
автор көптеген жайттарды өзі шешіп, 
көптеген ұғымдарға терминдік атау-
лар ұсынады», – деп жазады. Біздің 
ойымызша, «Әдебиет танытқыш» 
ғылыми зерттеу ретіндегі маңызы 
қалыптасқан әлемдік теориялық 
ұғым, түсініктерге қазақша ба-
лама тауып, нақты мысалдармен 
дәлелдеуінде ғана жатқан жоқ. 
Тұңғыш ғылыми зерттеу ретінде өз 
кезеңінде әдеби-теориялық білімдер 
жүйесінің қалыптасуына ерекше 
ықпал жасап қана қоймай, қазақ 
әдебиеттану ғылымының тууына 
негіз де бола алған еңбек екені айты-
луда. «Әдебиет танытқыш» – жалпы 
көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің 
барлық болмысы мен бітімін, көркем 
шығарманың сыры мен сипатын, 
әдеби дамудың мағынасы мен мәнін 
анықтау жолында ұлттық әдеби-
теориялық ой-пікірді ғылыми бір 
жүйеге түсірген және әдебиет те-
ориясына ұлттық сипат дарытуда 
терминдердің қазақша мағынасын 
тапқан автордың жанқиярлық ең-
бегінің жемісі.
«Әдебиет танытқышты» сол кез-
дегі және кейінгі жылдардағы әде-
биет теориясы саласында жазылған 
еңбектермен салыстырып, әр тео-
риялық ұғым-түсінікті автор қалай 
түсіндіргені мен әрбір терминнің 
қа зақша баламасын көрсетіп жату 
өте көп орын алады және еңбектің 
ғылыми маңызын ашу үшін ол аса 
қажет те емес. Сондықтан біз А. Бай -
тұрсынов жасаған теориялық жү-
йенің кестесі бойынша қарау керек. 
Әдебиет теориясынан хабары бар 
адамға бұл кестеден Ахаң жазған 
теориялық ғылыми жүйедегі ұлттық 
терминология мен зерттеушілік си-
патты түсіну аса қиынға соқпайды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


239


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет