ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ескілікті көксеудің, ақсүйектік дә-
уірді жырлаудың, ұлтшылдықтың
белгілерін іздеу науқанға айналды.
Оған КазАПП сыншылары қатты ат
салысты. Әрі-беріден соң арнайы
мақсаттағы іс-жоспар да жасалды.
«Әдебиет майданы» журналының
1932 жылғы № 4 санында шыққан 14
тармақтан тұратын бұл іс-жоспарда
«ұлтшыл-алашордашылардан» қалған
әдебиеттің зиянды бетін ашу, проле-
тариат ақын-жазушылардың шығар-
маларын тексеру ғана емес, сол
жылы қай қаламгердің не жазатын-
дығын көрсеткен міндеттемелер
қабылдауын талап етті. Міне, әде-
би сында әсіре тапшылдықты на си-
хаттаған «тұрпайы социологизм» дә-
уірлеп тұрған, ғылыми зерттеу ісінде
орыс әдебиеттану ғылымын дағы
В. Фриченің, П. Н. Саку линнің еңбек-
терінен туын даған социология лық
және
формальды-социологиялық
әдіс белгілері орын алып тұрған кез-
де, Сталин дік түзетулерге ұшыраған
маркс тік-лениндік әдіснама оларға
қарсы күресе отырып өз позици-
ясын нығайтуға ұмтылды. Ол бү-
кіл кеңестер Одағына кіретін ұлт
республикаларының әдебиеті ендігі
жерде «түрі ұлттық, мазмұны со-
циалистік» болатынын анықтап берді
де, оның әдеби дамудағы негізгі әдісі
социалистік реализм болып табы-
латынын шұғыл түрде күн тәртібіне
қойды, кеңестік идеология оны жан-
жақты және батыл насихаттай бас-
тады. Ал бұл шақта енді ғана туа
бастаған қазақ әдебиеттану ғылымы
түгіл, қалыптасқан тәжірибесі бар
және академиялық мектеп аталған
әр түрлі ғылыми бағыттағы мектеп-
тері бар орыс әдебиеттануының өзі
дағдарысқа душар болған еді. Себебі,
маркстік-лениндік әдіснаманың зерт-
теу әдістері толық айқындала қой ған
жоқ болатын және оған сталиндік
басшылық жиі-жиі өзгерістер енгі-
зіп бұрмалап тұрды. Сондықтан да
ғылыми зерттеу жұмыстарындағы
бұрынғы дәстүрден қол үзбей жаңа-
мен байланыстыратын тың жол
іздеді. Бірақ, буржуазиялық идеоло-
гияға қарсы күрес өрістеп, жаңа
заман талаптарына сай дамуға ұм-
тылған ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің ізденістері ретінде байқал-
ған формализм, фрейдизм, олардың
биографиялық, компаративистік әдіс-
терін, мәдени-тарихи мектептің өз
бағыттарын жалғастыруға деген қа-
дамдарын сталиндік басшылықтағы
маркстік-лениндік әдіснама қатал-
дықпен талқандап отырды. Көп
жағдайда оған саяси астар беріп,
ұлтшылдықты, тап жауларын әшке-
релеумен байланыстыру орын алды.
Сондықтан да орыс әдебиеттану
ғы лымыңдағыдай қазақтың ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірі
20-жыл дардағы айқындала бастаған
бағытынан жаңылып, жаңа әдіснама
талаптарына сай амалсыздан икем-
деле бастауға мәжбүр болды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У