Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет244/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Европа әдебиетінен Байрон, Гете, 
орыс әдебиетінен Пушкин, Лермон-
тов тағы басқаларының лирикалық 
шығармаларын негізге ала отырып, 
лирикаға қойылатын талап-талғам, 
өлең өлшемі, ой мен сезім және ли-
риканың түрлері жайында ғылыми-
зерттеушілік тұжырым білдіреді. Ал 
осы автордың «Әдебиет теория сы» 
атты мақаласы 1940 жылы басы-
лып шыққан оқулығының алғашқы 
тарауы еді. Е. Ысмайылов бұл ма-
қалада өнердің қоғамдық өмірдегі 
орны, оның ішінде әдебиеттің басқа 
өнер түрінен ерекшелігі турасын-
да айта келіп, әдебиет теориясының 
жеке ғылыми пән екенін ұлттық 
әдебиеттану ғылымында алғаш дә-
лелдеп, оның зерттеу обьектісі мен 
методын түсіндіріп берген.
Осы кездегі теориялық сипаттағы 
зерттеудің енді бірі – С. Мұқанов-
тың поэма жанрын сөз еткен ма-
қаласы. Автор қазақ совет поэма-
сының бұл түрінің сөз етер тақыры-
бына, құрылысы мен образдар 
жүйесіне және тартысқа (конфликт) 
анықтамалық түсініктеме берген. 
Поэманың лирикалық және сюжетті 
болатынын, онда өмір шындығы, 
көркем тіл мен ақынның айтар идея-
сы болуы басты шарт деп көрсетеді. 
Поэманың жазылу жолында нық 
ұсталатын негізгі элементтері деп 
мыналарды атайды. Олар: 1) Бас-
тау; 2) Баяндау; 3) Шиеленісу; 4) Ше-
шу. С. Мұқанов бұл реттіліктің 
композициялық құрылыста орны ау-
ысып отыратынын да ескертіп өтеді. 
Әдеби-теориялық бағыттағы ғылыми 
сипаты айқын көрінетін «Қазақ 
әдебиеті» газетінің «Роман мәселесі» 
(1936, № 34) атты бас мақаласы, 
С. Мұқановтың «Қазақ өлеңі туралы» 
(«СҚ», 1935, №108), Қ. Өтеповтің 
«Әдебиет образындағы кемшіліктер» 
(«СҚ», 1936, №86) секілді еңбектердің 
де айтары аз болмады.
Алайда, қазақ әдебиетіндегі «ұлт-
шыл-алашордашылдықтың қалды-
ғын жою», «большевиктік өзара сын-
да қырағылықты күшейту» туралы 
ауық-ауық айтылып қалып отырыл-
ған ұлтшылдыққа қарсы көзқарас 
1937 жылдың орта шенінен бас-
тап, «ха лық жауларын» әшкерелеу 
науқанына ұласты. Әдебиет сыны 
әшкерелегіш, қаралағыш мақала-
лар мен көрініп, саясаттың сойыл 
со ғарына айналды. Жеке адамға та-
бынушылық әдеби дамуға да әсер 
етіп, Сталин басқарған социалистік 
қоғамның жетістіктерін мадақтау 
өріс алды. Ал әдеби-теориялық ой-
пі кірдің көркем әдебиет туралы ғы-
лыми ізденістері дағдарысқа ұшы-
рады. Ғылыми-зерттеушілік жұмыс-
тар әдебиет тарихы мен теория сының 
мәселелерінен гөрі орыс жазушы-
лары мен әдебиеттерін, Жамбыл-
ды және басқа халық ақындары - 
ның шығармашылығын марапаттау
ға ауып кетті. Өзінің қалыптасу 
жолын да талай қиын-қыстауды бас-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет