ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тан кешіріп келе жатқан әдебиет
сыны мен ғылымының тарихында
іркілістер мен бұралаңдарға ұшы-
раған бұл да бір кезеңі болды. Бұл
ұлттық әдебиеттану ғылымының туу
кезеңінде айрықша еңбек етіп келген
әдебиетші-сыншы кадрларды екінші
рет әдеби, ғылыми ортадан ала-
стап тастады. Олардың әдеби және
ғылыми мұрасын 1950 жылдардың
орта кезіне дейін зерттеу және пай-
далану мүмкіндігінен айырылған
ұлттық әдебиеттану ғылымы ғасыр-
ларға созылған ұзақ жолында өте
ауыр жағдайға тап келді. Бірақ сараб-
дал сыншы-әдебиетшілердің 1920-
1930 жылдардағы әдебиет теориясы
бағытындағы қажырлы ізденісте-
рінің жемісі ретінде танылып, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының туу
кезеңінің аяқталғанының куәсі ре-
тінде Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет те-
ориясы» (1938), Е. Ысмайыловтың
«Әдебиет теориясының мәселелері»
(1940) жарыққа шықты. Бұл жерде
ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің
шын мәнінде ұшқырлық таныт-
қанын, дәуір талабынан табылуға
ұмтылғанын атап айту керек. Орыс
әдебиеттану ғылымында маркстік-
лениндік эстетикаға негізделген
Л. Тимофеевтің «Теория литера-
туры» (1934), И. Виноградовтың
«Әдебиет теориясы» (1936), «Борь-
ба за стиль» (1937), Г. Поспеловтің
«Теория литературы» (1940) ата-
латын еңбектері енді ғана жарық
көрген еді. Партия мен кеңестік
идеология ғылым, өнер, әдебиеттегі
«буржуазиялық», «ұлтшылдық» көз-
қарастарға «аяусыз күрес» жүргізе
отырып, маркстік-лениндік әдісна-
маны қоғамдық ғылымдарға, оның
ішінде әдебиеттану ғылымына, оның
сыншылдық, әдеби-тарихи, әде би-
теориялық ой-пікіріне мықтап ор-
нық тырды.
Қазақстанда
«халық
жаула-
рын» әшкерелеу науқаны ерекше
қарқынмен жүрді. Ол ұлттық әде-
биет тану ғылымының туғандығын
дәлелдеп берген, келешектегі ғы-
лыми-зерттеу жұмыстарының бағыт-
бағдарын біршама анықтаған оқу-
лықтар мен оқу құралдарын, зерттеу
мақалаларды, ғылыми еңбектерді
түгелге жуық пайдаланудан шыға-
рып тастады. Ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің қалыптасуына еңбек сі-
ңірген, шығармашылық кескін-кел-
бетін айқындап енді жасақтала бас-
таған сыншы әдебиетші кадрлары
тағы да саясаттың құрбандығына
айналды. Бірақ, партияның көркем
өнер мен ғылым саласындағы сая-
саты мен идеологиясы оған қараған
жоқ. Дүниетанымдық көзқарасы со-
циалистік қоғам рухында тәрбие-
леніп, әдебиетке енді ғана араласа
бастаған жас күштердің алдына ора-
сан зор міндеттер қойды. Олардың
бірі орта және жоғарғы мектепті
маркстік-әдіснаманы
басшылыққа
ала отырып жазылған оқулық, оқу
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У