Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет335/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Ақиқатында 1 томның алғашқы кі-
табының негізгі жобасы 1959 жыл-
ғы конференция өтпей тұрып-ақ дай-
ын болған еді. Оған тек конферен-
ция шешімдеріне сай әдіснамалық 
сипаттағы түзетулер енгізілгенмен, 
аса көп өзгеріске ұшырай қойған 
жоқ. Әйтсе де жекелеген жанрлар-
дың поэтикасына баруы, эпикалық 
жырлардың тарихи-эволюциялық ге-
не зисіне және көп варианттығының 
ғылыми қарастырылуы – конфе-
ренция ұсыныстары нәтижесінде 
жүзеге асқаны анық. Сол секілді ол 
фольклорлық мұраны зерттеудегі 
«тұрпайы социологизм» мен «бі-
рың ғай ағым теориясына» сай қа-
теліктердің атап-атап көрсетілуінен 
де айқын сезіледі. Негізінен алғанда, 
қазақ әдебиеттануының үлкен та-
бысы болып табылатын бұл еңбекті 
қалың жұртшылық жылы қабылдады, 
ол жоғары оқу орындарын оқулық пен 
қамтамасыз етудегі аса зор міндетті 
атқару жүгін көтеріп әкетті.
Көп томдықты шығару ісіне 
жаңадан құрылған Әдебиет және 
өнер институты (1961) жұмыла кі-
рісті, оған көптеген ғалым-әде-
биет шілер тартылды. Соның нәти-
жесінде 1964 жылы «Қазақ әдебиеті 
тарихының» екінші кітабы жарық 
көрді. Оның кеңес дәуіріндегі 
фольклордың даму жолы мен тари-
хына, жанрларына және өкілдеріне 
арналуында заңдылық та жоқ емес 
еді. Ғасырлар бойы фольклор мен 
жазба әдебиеттің бір-біріне ықпал 
жасай отырып өркендеуі көшпелі 
өмір салтына лайықталған және басқа 
елдерде кездесе қоймайтын ғажа-
йып құбылыс еді. ХV-XІІІ ғасырлар-
дағы ақын-жыраулар поэзиясының 
жазба әдебиет атқаратын міндетті 
көтеріп әкетуінде де терең сыр жа-
тыр. 1920-1930 жылдары революция 
мен кеңес өкіметі жеңістерін жаз-
ба әдебиетпен қатар жырлап шығу-
да кейін қалмаған фольклордың да 
өрістеуінде бұрыннан келе жатқан 
осы дәстүрдің жалғастығы жа-
тыр. Ұлттық шығармашылық зия-
лы қауымды сталиндік зұлматтың 
кесірінен жау санаған кезде қазақ 
әдебиетін одақтық деңгейге дейін 
танытқан да, сол себептен ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің назары-
на көбірек түскенде осы халық 
шығармашылығы еді. Міне, осын-
дай келелі мәселелерге арналған 
бұл кітап кеңес дәуіріндегі фоль-
клор туралы зерттеулердегі ғылы-
ми ізденістерді бір жүйеге түсіріп, 
монографиялық тұрғыда қарас тыр-
ды. Маркстік-лениндік әдіснама 
қа ғидалары қатаң сақталғанымен, 
ұлттық әдебиеттанудың сол кезеңдегі 
деңгейі тұрғысынан қарасақ, фольк-
лортанудағы соны қадам болып та-
былады. Алайда, осы кітап туралы 
Д. Мыңбаевтың: «Рас, бұл зерттеуде 
кеңес дәуірінде туған дастан-жыр-
ларды мадақтайтын, олардағы жалаң 
ұранды толғауларды шығарманың 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


355


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет