V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
жағынан да биік деңгейден табыл-
май қалатын шағында да сыншының
білім-парасаты мен эстетикалық тал-
ғамы санаттан шығып қалған емес.
Мұның өзі – сын дәрежесін аңғартуға
қажетті субъективтік себеп.
Екінші, объективтік себеп – көбі-
не әдебиеттің жалпы дәрежесіне
тәуелді. Егер көркем шығармалар
өзінің қоғамдық мәні жағынан көр-
кем бейнелер жасау типтік жағдай-
ларды көрініспен суреттеу, тіл бай-
лығын игеру, оқушыны ілгері ұм-
тылдыратын эстетикалық идеяларды
белгілеу жағынан биік деңгейден
табылып жатса, онда сынның өресі
биік болғаны. Сыншы әрқашан көр-
кемдік дамудың кезеңді асуларында
ойын өрбітуге қажетті дәлелдерді
әдебиеттің күнделікті шындығынан
ала отырып, келешекте шығар биік-
терді бағдарлайды, әдебиеттің өр-
кендер арнасын анықтайды, әдеби
үрдіске белсене араласады.
Ал халық ғұмырын қастерлеп,
оның өткені мен өткеліне өзгеше
қарап, бүгіні мен болашағы үшін бел
шешіп, белсене араласуда жанпи-
далыққа жақын тұру, қажет жерінде
құрбандыққа да қол арта алатын аза-
мат болу – екінің бірінің маңдайына
бұйыра бермейтіні белгілі.
Белгілі ғалым, профессор Т. Кә-
кі шев қазақ әдебиеті сынының туу,
қалыптасу жолдарын нақты дәуір-
лерге бөле отырып зерттеу барысын-
да сын мен әдебиеттану ғылымының
сабақтаса, бірін-бірі толықтыра оты-
рып дамитынын ескеріп, үлкен үш
кезеңге жіктейді. «Бірінші кезең –
қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі.
Қазақ әдебиеті сынының туу процесі
Қазан төңкерісіне дейін созылған.
Екінші кезең – қазақ әдебиеті сы-
нының жанр ретінде қалыптасу және
әдебиеттану ғылымының туу дәуірі.
Бұл процесс 1917-1937 жылдардың
арасын қамтиды. Үшінші кезең – қа-
зақ әдебиеті сынының өсіп-өркен-
деу және әдебиеттану ғылымының
қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар
аралығы» деп қарастырады. Осы үш
кезеңнің әдебиет туралы ұлттық ғы-
лымының бастан өткерген тарихи
жолына тікелей қатысы бар. Себебі,
әдеби сын өзінің туу дәуірінен бастап-
ақ ұлттық әдебиеттің тарихы мен
әдеби теориялық мәселелері жайын-
да пікір білдірмей тұра алмайды. Бұл
туралы В. Г. Белинский «Орыс әде-
би сынының тарихи жолы мен даму
кезеңдерін шолу дегеніміз – орыс
әдебиетінің тарихын еріксіз шолу»
десе, орыс әдебиеттану ғылымының
қалыптасу тарихын зерттеушілердің
бірі П. А. Николаев: «Попытка систе-
матического исторического обзора
знаний о литературе первоначально
осуществлялась на материале крити-
ки. Вместе с теорией и историей ли-
тературы критика составляет науку о
литературе», – деп жазады [3, 41].
Қазақ әдебиеттану ғылымын,
ондағы әдеби-теориялық ғылыми-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У