Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет399/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
құдіретіне қанша мән берілетінін 
айқындай түседі. Оның классикалық 
үлгілерін Біржан мен Сараның ай-
тысынан анық көреміз деп, ғалым 
осы айтысқа ерекше мән береді. 
Сараның жүрек жарасына айналған 
Жиенқұл туралы айтқан Біржанға 
жауап қайтара алмайды. Екі ақын 
«екі жақсы бір жерге қосылмайды» 
деген халық даналығын растап, 
өнердің қор болғанын паш етеді 
дей келе Т. Кәкішев: «Ақындық 
дарынның қоғамдық мәнін айқындау 
арқылы көркем сөздің қадір-қасиеті, 
өнерпаздың абыройы, елге тигізер 
әсер-ықпалы еселене түсіп, халық-
тық эстетикалық мәнді принциптері 
қалыптасады», – деп тұжырымдайды. 
Осы жерде ғалымның тамаша ой 
қорытындысын келтіре кетуді жөн 
көріп отырмыз: «Халықтық эстети-
каны сөз еткенде, оның ең мәнді де, 
айшықты көрінісін ақындар айты-
сынан кездестіреміз дегенде, халық 
шығармашылығының басқа сала-
сына назар аударудың қажеттігі жоқ 
деген пікір тумаса керек. Халықтық 
эстетиканың сілемдері юмор мен 
сықақтан, әзіл-оспақ өлеңдерден, 
әжуалағыш сатиралардан, лирикалық 
толғаулардан да аңғарылады» [46, 
19]. 
Сынның негізгі мақсаттарының 
бірі – ажарсыз бен келіссіздікті мі-
неу емес, ең алдымен адамның жан 
дүниесін, талап-талғамын әсемдік 
пен сұлулыққа, ізгілікке тәрбиелеу. 
Ендеше ауыз әдебиетіндегі талай 
тамаша көркемдік тәсілдерді қадір-
леп, оның шын мән-мағынасын 
ашу ға тиіспіз дейді ғалым. Негізгі 
ай татын ойы мынаған келіп саяды: 
«Халықтық эстетика – әдеби сынның 
бастауы, қайнар көзі». 
Қазақтың сегіз қырлы өнері – по-
эзия. Фольклорлық поэзия халық 
өнерінің ішіндегі оған сіңіскен өмір 
арқауына айналған қарапайым өнер. 
Оның идеялық-көркемдік терең маз-
мұннан халық барынша сусындап, 
эстетикалық тағлым алады. Ха-
лықтық поэзиядан қуат алған адам 
өнер әсемдігін сезінумен қатар, 
өмірдегі жарастық пен сәнділікті 
ажырата бастайды. Т. Кәкішұлы: 
«Нақ тылы дәлелдер, жүйелі талдау-
анализдермен тұжырымдала бер-
месе де халықтың сыншылдық ой-
пікірінің, эстетикалық таным білі-
гінің айшықтары анық көрініп жата-
ды. Оны сыншылдық ой жүйесінің 
бастауы, қайнар көзі деп біліп, әрбір 
көркемдік құбылысқа жіті назар 
аударған абзал» деген. Ғалымның ай-
туы бойынша сынның қалыптасуы-
на халықтық эстетика да өз әсерін 
тигізген. Сын тарихын халықтық 
эстетикамен сабақтастыру ғалымның 
жаңалығы болып табылады. 
Тұрсынбек Кәкішұлының еңбе-
гіне мұқият үңілсек: «ауыз әдебие-
тінің қай үлгісі болмасын халықтық 
эстетиканы, халықтық сыншылдық 
көзқарасы мен парасатын танытып 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


422


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет