І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
үгіт қағаздарын және хаттарын ел
тыңдайтын сыйлы, көзі ашық, оқы-
ған-тоқығаны көп, халық мұңын
ойлайтын адамдарға ғана жіберген.
Олардың ішінде әзірге белгілері
Баянауылда – Садуақас Шор манов қа,
Зайсанда – Кеншіновке, Семейде –
Абайға жіберілген. Әрине Ә. Бө-
кейхановтың Абай ауылында бол-
ғаны әлі де дәлелдей түсуді қажет
етеді. Қалай дегенмен де Әлихан
Абай шығармашылығымен тек Кә-
кітай арқылы танысты деу тым
күмәнді. Алғаш рет Кәкітайды 1900
жылы көріп танысқан Әлиханның
1904 жылы «Абай өлеңдерін кітап
қылып басыңдар» деп бірінші болып
хат жазуы да бұл томдағы тараудың
авторы Ә. Бөкейханов екенін дә-
лелдей түседі.
«Дала уалаятының газеті» баға-
лау шылық мәндегі ой-пікірді зерт-
теушілік арнаға бұруға ықпал жасау-
ға ұмтылды. Оны Ә. Бөкейхановтың
«Қыр баласы» деген атпен «Басқар-
маға хат» деген тақырыпта жария-
ланған мақаласынан туған пікірта-
лас дәлелдейді. «Қазақ халқының
ежелден келе жатқан өлең-жыры бар.
Кім білмейді, қазақ ақындары Шор-
танбай мен Шөжені, Орынбайды,
Найманбаланы, Сырым керейден Кү-
лембайды һәм ғайырларын? Қазақ-
тарға осы ақындардың қайсысы-
ның сөз күшті, білуге жөні бар ма?
Шерниязды ойласақ, қызыл тілдің
арқасында жаны қалған. Шөже
Қарынбай секілді сараң кісіден сый
алған», – деген Ә. Бөкейханов көз-
қарасында классикалық мұраны жа-
риялау, әр ақынды өлеңі мен өне-
ріне сай бағалау, зерттеу, әдебиет
тарихындағы орнын белгілеу мә-
селесі көтеріліп отыр [15]. Сон дық-
тан да газет бетіне ақын-жазу шы-
лар шығармаларын көбірек басу
қа жет деген ұсынысы да заңды.
Бұл эстетикалық таным-біліктің ғы-
лы ми арнаға бой ұрғанын, ұлттық
әде биетті тарихи тұрғыдан тануға
ұмтылыс жасауының тағы бір белгісі.
Бұл бастама тарихи-этнография-
лық тақырыпта газетке мақала жазу-
мен шектеліп жүрген А. Шонаевтың
«Баспаханаға хат» («ДУГ», №26,
1889), І. Наурызбаевтың «Баспаха-
наға хат» («ДУГ», №29, 1889) секілді
мақалаларында қолдау таппады. «Бұл
ақындардын көбісі сый алу үшін өлең
шығарды» дегенді тілге тиек етіліп,
басты назарды фольклорға бұрғысы
келетіндердің пікірталасын туғызды.
Олар «бұл ақындардың өлеңдерінің
газет оқитындарға еш пайдасы жоқ.
Олар өлеңді сый-сияпат алу үшін ғана
айтады. Өсиет сөз емес», – дегенде
газет оқушылар мүддесі тұрғысынан
келді. Алайда, бұл да ізденіс. Тек
олардың эстетикалық талап-талғамы
әлі де болса фольклор төңірегінен
ұзай қоймағандығы байқалады да,
классикалық мұраны бағалауға өресі
жете алмай жатқаны сезіледі. Бұл –
эстетикалық таным-біліктің ғылыми
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У