ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің әдебиетті
тарихи тұрғыдан тану жолында же-
келеген ғылыми ұғымдарды, түсінік-
терді және проблемаларды зерттей
бастауы теориялық, методологиялық
талдауға барар жолдағы алғы шеп
болды. Қазақ баспасөзі бетінде сол
мезгілдегі ақын-жазушылар шығар-
малары, басқа халықтар әдебиеті ту-
ындыларынан аудармалар, шыққан
кітаптарға сын мақалалар мен ре-
цензиялар жариялануы ХХ ғасыр
басындағы әдеби-теориялық ой-пі-
кірді жанрлық ұғымдармен байыт-
ты. Прозалық және драмалық шығар-
маларды сөз еткен сыни мақалалар
терең ғылыми талдауларға бара қой-
мағанмен, олардың жанрлық ерек-
шеліктеріне назар аударып отыр-
ды. Бұның теориялық ұғымдар мен
түсініктердің қалыптасуына, сол ар-
қылы филологиялық білімдер жүйе-
сінің таралуына игі әсері болды.
Қазақ тілінің тазалығы мәселесінің
көтерілуі әдеби-теориялық ой-пі-
кірге қазақ өлеңін зерттеушілік тұр-
ғысынан қарап, ескі және жаңа өлең
туралы ізденістер жасауына себеп-
кер болды. Осыған байланысты ескі
шағатай тіліндегі және араб, парсы
әдебиеті әсерінде туған мұраларға
сын көзімен қарап, ұлт әдебиетінің
келешек дамуына кері ықпал етеріне
ғылыми-зерттеушілік көзқараста кө-
ңіл аударды. Бұл әдеби-теориялық
ой-пікірдің әр халықтың әдебиетінің
өркендеуі үшін сол ұлттың әдеби
тілінің де жетілуі қажеттігін ұғына
бастауы еді.
Қазақ тілінің тазалығын сақтау
мен қазақ поэзиясындағы «ескі»
және «жаңа» өлең туралы көзқарас
«Айқап» журналында күрделене тү-
сіп, нақты ғылыми сипатта көрінді.
Журнал бетіндегі мақалалардың қа-
зақ әдебиет сынын тудырудағы же-
текшілік рөлі туралы жан-жақты
зерттелгені белгілі. Сондықтан орын-
сыз қайталамай қазақ поэзиясын-
дағы «ескі» және «жаңа» өлеңге
деген көзқарас анық сезілетін С. То -
райғыровтың мақалаларына қысқа-
ша тоқталсақ та жеткілікті. «Қазақ
тіліндегі өлең кітаптары жайы-
нан» атты мақаласында автор қа-
зақ поэзиясының жалпы кескін-кел-
беті мен даму жолына шолу жасау-
ды нысанаға алған. Өткен ғасыр
соңындағы әдеби-теориялық ізде-
ніс тер көрсетіп бергеніндей ағар-
ту шылық бағытқа бет бұрған қазақ
поэзиясының «Бұрынғы «Зарқұм-
дарды» құмға көміп, «Сал-салда-
рын» суға лақтырып, пері қыздарын
аспанға ұшырып, ақырында ескі до-
старына қош айтыса бастағанын»
айтқан уақытта С. Торайғыров қазақ
өлеңі өсіп-өркендеп кетті демейді
[24]. Керісінше, түр мен мазмұны
сай келген, көркемдік сапасы жо-
ғары, идеялық айтар ойы терең ма-
ғынаны өлеңдердің әлі де болса
аз екеніне ерекше көңіл аударады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У