ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
мен ғылыми сөз болуы тығыз бай-
ланыстылықта жүріп отырды. Бұл
қазақ әдебиеттану ғылымының туу
кезеңі үшін маңызды еді. Өйтке-
ні: «Любое понятие, в том числе и
о ли тературе, только тогда получает
пра во на жизнь, когда связано пря-
мой познавательной зависимостью
с соответствующим явлением реаль-
ной действительности» екені анық
[3, 42]. Сол себептен де осы орыс
әдебиеттану ғылымын зерттеушілер:
«Для того чтобы новые, западноевро-
пейские понятия о литературе прочно
вошли в русское теоретико-литера-
турное сознание, необходимо было
познать написать на русском языке
такие произведения, такие стихот-
ворения, которые бы не только соот-
ветствовали этим понятиям, но были
бы приняты читателями и литератур-
ной общественностью», – деп жаза-
ды. Оларда өлеңтануда теориялық
көзқарас алға кетіп қалып, өлең прак-
тика жүзінде ескі славяндық дәстүр-
де жүрген еді. Орыс әдебиетінің
көркемдік және жанрлық дамуына
В. К. Тредиаковский мен М. В. Ло-
моносовтың орыс өлеңіне рефор-
ма жасауының зор көмегі болғанын
жоғары бағалайтындықтары да сон-
дықтан. Ол әдеби-теориялық ой-пі-
кірдің қалыптаса түсуіне ықпал жа-
сады деп табады.
Бұл тұрғыдан келгенде ХХ ғасыр
басындағы әдеби-теориялық ой-пі-
кірде көбірек сөз болған да, сандық
жағынан біршама жазылғаны да ро-
ман болды. А. Байтұрсыновтың ұлт-
тық әдебиетті жанрлық өркендету
мәселесін қойып, өркениетті елдер-
дің озық дәстүрінен үйренуге ша-
қырған «Білім жарысы» аталатын
ма қаласы жарияланды. Автор Еуро-
па білімпаздары мен ғалымдарының
өз ұлтының әдебиетін дамытуы үшін
қандай шаралар ұйымдастырғанын
тілге тиек ете келіп, Нобель сый-
лығын тағайындалуы сырын түсін-
діріп, ел басшылары мен ауқатты
адамдарды осындай істі қолға алуға
шақырады. «Осындай жұртқа пайда-
лы, үлгі аларлық жақсы істі жұрттың
құлағына салып, біздің айтайық деп
отырғанымыз мынау: білім жарысын
істеу әр жұрттың қолынан келетін
іс. Істейін десе қазақтың да қолынан
келеді», – деп, бұл байлық көбейту
немесе атақ шығару үшін емес,
халыққа қызмет жасау мақсатында
жүргізілетін игілікті іс екенін тү-
сіндіреді. Ахмет Байтұрсынов сөз
еткен игі шара қолдау тауып, Ахмет
Оразаев мақала көтерген бастаманы
құптап, мұндай жақсы іске жол ашу
керектігін айтып, білім жарысынан
озып келгендерге бәйге тігетінін ха-
барлады. Бірақ бәйге тігудің мән-ма-
ғынасын түсіне қоймағандық бай -
қалып, ел ішінде әлі де бұл баста-
маны жандандырып әкетуге ат са-
лысу азшылық екенін сезген А. Бай-
тұрсынов «Білім жарысы хақын-
да» деген мақала жазып, тағы да
түсіндіріп береді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У