Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет9/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
салы, Г. Потанин мен Ә. Диваев өз-
дері жинаған материалдарды кім-
нен алғандығын көрсетіп отырса, 
В. Радловта ондай дағды жоқ. Бұл 
топтағылардың қатарына Г. Потанин 
мен Н. Ф. Костылецкийге аса мол 
материал жинап берген – Шыңғыс 
Уәлихановты, Н. Ф. Костылецкийге 
фольклорлық қолжазбалар жібер-
ген шәкірттерінің ішінен Х. Өскен-
баев, М. Бүркітбайұлы, С. Ақайұлы, 
Т. Ханғожиндерді, Ә. Диваевқа кө-
мектесіп көптеген қолжазбалар бер-
ген Е. Ақынбеков, К. Амалдықов, 
М. Шақтыбаев және т.б. көптеген 
адамдарды атауға болады. Бұлар дың 
әдеби мұраны жинап-жариялауға 
қос қан орасан зор еңбегі қазақ фоль-
клортану ғылымында сөз арасында 
ғана айтылып, фольклорлық үлгі-
лерді алғаш жинаушы, орыс тілінде 
аударушы ретіндегі тұлғалары зерт-
телмей қалып отыр.
XX ғасыр басында әдеби мұраны 
игеру жұмыстарымен шұғылдану-
шы қазақ зиялыларының екінші то-
бы – фольклорлық үлгілерді жинап-
жариялауға көмектесе отырып, өз 
атынан да жариялаушылар. Бұлар ту-
ралы мәліметтер біршама бар. Олар-
дың аты-жөні орыс ғалымдарының 
еңбегінде ғана емес, өздері жина ған 
материалдарды жариялаған орыс 
және алғашқы қазақ баспасөзі бе-
тінде, әртүрлі жазбалар мен жи-
нақтарда сақталған. Олар «Дала 
уалаятының газеті», «Киргизская 
газета», «Акмолинские ведомости», 
«Санкт-Петербургские ведомости», 
Ресей Географиялық қоғамының әр 
түрлі бөлімшелерінің жазбаларында 
өздері жинаған көптеген әдеби мұра 
үлгілерін жариялады. Бұл топтағы-
лар – М. Ибрагимов, Т. Сейфуллин, 
А. Әбдірахманов, Б. Әдіков, М. Ж. Кө-
пеев, Ж. Айманов бастаған жиыр-
мадан астам адам. Сонымен қатар 
«Орта жүз» (О. Әлжанов), «Найман», 
«Ұмытылған» (Ш. Құдайбердиев), 
«Гүлбат», «Барон Кадо», «Степняк», 
«Қыр баласы», «Туземец» (үшеуі 
де Ә. Бөкейханов), «Бабай бүркіт» 
(О. Әлжанов) және «Павлодар елінің 
қазағы М. У.» деген секілді бүркен-
шік атпен жариялағандар да бар. Бұл 
топтағылардың саны әлде қайда көп. 
В. М. Сидельниковтің 1969 жылғы 
библиографиялық көр сеткішін бір 
ғана «Дала уалая ты газетінің» биб-
лиографиялық көр сет кі шімен (1996)
са лыстыра қарағанда Жәке Тұра қов, 
Ыс қақ Шүлен баев, Мейрам Жа най-
даров, М. Бот паев, т.б. да фольклор 
жинап-жария лаушылардың есім дері
осы күнге дейін белгісіз бо лып кел-
генін байқадық. Оған В. Си дельни ков 
көрсеткішіне енбей қалған алғаш-
қы қазақ журна листері, публицист-
тері Ш. Ибра ги мов, Д. Сұлтанғазин, 
А. Құрман баев, Р. Дүйсенбаев және 
«ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы 
көзқарас тан аттары аталмаған Ә. Бө-
кейханов, А. Байтұрсынов бастаған 
және тағы басқа да арыстарымыз-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет