Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет6/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Дарьинской области» (т. І-ХV., Таш-
кент. 1891-1915). Т. Н. Потаниннің 
«Казак-киргизские и алтайские пре-
дания, легенды, сказки» («Живая 
старина» 1917. ІІ-ІІІ шығуы) атты 
еңбектерінің алатын орны ерекше. 
Бірақ басты мақсат жинау, жариялау, 
орыс тіліне аудару болғандықтан, 
тек таныстыру, бағалау сипатындағы 
пікірлер ғана айтылып, халықтың 
фольклорлық мұрасы ғылыми тұр-
ғыда жүйелі зерттелмей қалды.
Орыстың фольклорист-ориента-
лист ғалымдарының әдеби мұраны 
игеру саласына сай еңбектерін ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының қалып-
тасу тарихына байланысты сөз еткен-
де, басын ашып алатын бір мәселе 
бар. Олардың зерттеу нысанасы қа-
зақ фольклоры болғанымен, ұлт тық 
фольклористиканың өкілі болып 
есеп телінбейді. В. Радлов немесе 
Г. По танин қазақ фольклористері 
емес. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу-
ші – орыс фольклористері. Олардың 
ең бек тері Ресейдің отары болып 
отырған қазақ халқының ұлттық ғы-
лыми-зерттеушілік, әдеби-теориялық 
ой-пікірінің туу, даму жолында бас-
ты қадамдар болып табылмайды, 
керісінше, біршама дамып қалған 
орыс фольклористикасына барып 
қо сылған үлес болып саналады. Сол 
се бептен де олар қазақ фольклорына 
бүкілресейлік ғылым тұрғысынан қа-
рады. Олардың зерттеулері ұлттық 
ғылыми ой-пікірдің нақты мәнде кө-
рініс бере бастауына себепші бол-
ды, жетекшілік бағыт берді. Міне, 
сондықтан да біз өз ұлтымыздан 
шыққан сыншы-әдебиетші, зерттеу-
ші ғалымдарымыздың ұлттық әде-
биеттану ғылымын тудыру жо лын-
дағы еңбектерін ғана арнайы қарас-
тырамыз да, орыс фольклорист-зерт-
теушілеріне жұмыс жүйесіндегі сөз 
етілер проблемаларға байланысты 
жерде ғана тоқталып отырамыз. Ке-
лешекте қазақ фольклоры мен әде-
биет тарихы орыс ғалымдарының 
зерт теуінде деген проблемалық мә-
селе қойылар болса, тәуелсіздік ал-
ғанға дейінгі «жауырды жаба тоқып», 
білсек те білмеген болып келген мис-
сионерлік, ұлы державалық үс тем-
шілдік, еуропацентристік секіл ді
көзқарастардың ғылыми жұ мыс тар-
дағы бұрмалаушы лық тарының сы -
рын тарихи шын дық тұрғысынан 
айта аламыз. Сонда ғана ұлы Шоқан 
бастап айтқан бұл көзқарастардың 
түпкі мақсатын анықтап, соңғы кез-
ге дейін «А. Левшиннің еңбегі ғы-
лыми құндылығына қарамастан, ав-
тордың қазақ халқына байланысты 
кемсітерлік эпитеттерді қолдануы 
салдарынан оқырманға бір қолайсыз 
әсер етеді», – деп жалтақтай айтып
сырғытып кете беруден арыламыз [6, 
50]. «Маған бүкіл қазақ даласы ән 
салып тұрғандай» (Г. Потанин) де-
ген секілді пікірлерді мақтана айтып, 
мәнін түсіндіре алғанда, енді «биенің 
сүтінен жасалған арақ ішіп, үш күн 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет