Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет95/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
барысында дұрыс сараланбай айтыс-
тартыс туғызды. «Ұлтшылдардың 
ма қалаларында әрқашан «бірыңғай 
ағым теориясының» жүйесі жатады» 
деген қате пікірлердің орын алуы 
нигилистік көзқарасты шамадан тыс 
күшейтіп жіберді. С. Мұқановтың 
1927 жылы «Менің қорытынды пі-
кірім» атты мақаласына сол кездегі 
ұлтшылдыққа қарсы күрес лейтмо-
тиві арқау болып, Абай шығармашы-
лығы мен халық әдебиеті туралы да 
өзінің бұрынғы айтқан пікірлеріне 
қарама-қайшы шықты. Фольклорлық 
шығармаларға нигилистік пікірде 
қарап, «кімнен үлгі аламыз» де-
ген мәселеде «ұлтшылдар» жинап-
наси хаттап отырғандықтан «халық 
әдебиеті бізге жат, одан үлгі алар 
ештеңе жоқ» деп, тарихи сабақтастық 
пен дәстүрлікті жоққа шығарады. 
Нигилистік көзқарастың өрістеуіне 
тек қана пролеткультшылдық пен 
әсіре солақайшылдық әсер етіп қой-
ған жоқ. Сонымен қатар, «ұлтшыл» 
деп танылған ақын-жазушылар дың 
әдеби мұраны игеруде жүргізген жұ-
мыс тары қатты әсер етті.
1920 жылдардың аяғына қарай 
бұл көзқарас бәсең тартып, айтылған 
қате пікірлер түзеле бастады. С. Мұ-
қанов өзінің 1929-1930 жылдардағы 
мақалаларында жоғарыдағы пікірі нің 
қате екенін мойындап, өз үстем 
ді-
гін танытып қалған маркстік-ленин-
дік әдіснамаға сай фольклорлық 
үлгілердің халықтық, таптық мәніне 
қарай зерттеу жүргізу керектігін жаз-
ды. «Әркім өзінше ойлайды» ат ты 
мақаласында: «Әдеби мұрадан пай-
далысын аса сақтықпен талғап, ірік-
теп алу керек», – деп әдебиеттану 
ғылымының туу кезеңі үшін мәні бар 
пікір айтады.
Фольклорлық мұраны жинау 
мә селесін сөз етумен қатар, жеке-
леген шығармаларды ғылыми тұр-
ғыдан қарап, пікір айтуға ұмтылған 
алғашқы мақалалар да көріне бас-
тады. М. Әуезовтің «Таң» жур на-
лындағы «Қобыланды батыр», «Ала-
көз» деген жасырын атпен шық қан 
«Еңбекші қазақтағы» «Ар қа лық ба-
тыр» атты мақалаларда қазақтың 
эпостық жырларының халық ауыз 
әдебиетінде алатын орыны, мәні, 
жанрлық ерекшеліктері сөз болды. 
Осы екі мақалада да авторлар ба-
тырлар жырын халықтың өткендегі 
өмір-тіршілігімен, бастан кешкен та-
рихи оқиғаларымен байланыста алып 
қарайды. Жалпы эпостық жырлар дың 
шығуын, халық арасына кең та рауы, 
ұрпақтан-ұрпаққа жетіп оты руын 
сөз ете отырып, эпостық жырлар дың 
та рихилығы халық тарихымен бай-
ланысты екендігін айтады.
М. Әуезов осы мақаласымен жал-
пы қазақ эпосы, оның ішінде «Қо-
быланды батыр» жырының ғылы-
ми тексерілуіне сол кездің өзінде-ақ 
үлкен жаңашылдықпен жол ашты. 
Автор қазақтың эпостық жырла-
рын Алтын Орда, Қазан хандығы, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет