Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет97/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тамын) бұл мәселеге әлі үстірт қарап 
жүрміз», – деп «қазақ әдебиеті өзі нен-
өзі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ» 
деген пікірге қарсы шығады [33]. 
Бұл жөнінде Қ. Кемеңгеров: «Ауыз-
ша айтылып жүрген халық әдебиеті 
көшпелі шаруаның, рулық қоғамның 
айнасы болды. Ұзақ заманның ішін-
де халық әдебиеті кемеліне жет ті», –
деп білген болатын [34]. С. Са-
дуақасов осы ойды жалғастыра оты-
рып: «Қазақ әдебиеті өткенінен де, 
қазіргі халінен де үлгі-тәжірибе ала 
алады, өзінен өзі үлгі алатын дәуірге 
әбден жетті. Тегінде өзінен өзі үлгі 
ала алмайтын әдебиет болуға тиіс 
емес. Өткенді ұмытып, өткеннің бә-
рін мансұқ қылып тастағанда, жаңа 
қайдан өспекші? Сондықтан біз ескі 
мұрадан жерімейміз. Ескі мұраның 
жарайтынын аламыз, жарамайтыны 
қалады», – деп кең орын теуіп келе 
жатқан маркстік-лениндік әдіснама 
талаптарына сай ғылыми жаңаша 
тұжырым білдірді.
Қазақ кеңес әдебиетінің бет-
бағдары туралы толымды пікір айта 
бастаған сын мақалалар мен әдеби 
мұраны игеру, зерттеуге байланыс-
ты әдебиет тарихын жазу пробле-
масын көтере бастаған ғылыми 
сипаттағы осы мақалалардың әдеби-
теориялық және әдеби-тарихи тал-
даулар жасауға ұмтылуынан қазақ 
әдебиеттану ғылымының туу кезеңі 
жалғаса түскенін байқаймыз.
Әрине, бұл мақалаларда көте-
рілген мәселелердің шын мәніндегі 
ғылыми-зерттеу дәрежесінде тексе-
рілуі мен әдебиет туралы ғылым қа-
лыптасуының күрделі процесі әлі ал-
да еді. Дегенмен, бұл процеске ал ғаш-
қы дәнді еккен, соқпақ басы болған 
осы мақалалар екенін аңғармау ағат-
тық болар еді. Олар фольклористика 
ғылымының қалыптасу тарихындағы 
болашақ зерттеулердің негізіне бар-
лау жасады.
Бұл айтылғандар фольклорта-
нудың өзекті мәселелерінің ғылы ми-
зерттеу сипатындағы мақалаларда 
ғана көрінген келбеті болса, оны 
монографиялық тұрғыда тексерудегі 
құнды еңбектер де осы 1920 жылда-
ры жазылды. Бұл жолдағы алғашқы 
бастаманы салған М. Әуезовтің 
1927 жылы шыққан «Әдебиет тари-
хы» атты еңбегі болды. М. Әуезов 
«Әдебиет тарихында» сол кездегі 
фольклортану саласындағы әр түр-
лі мақалаларда айтылып жүрген ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірді бір 
жүйеге салып берді. Еңбектегі кейбір 
топшылаулар мен тұжырымдарда 
«бірыңғай ағым теориясының», кей-
де «тұрпайы социологизмдік» көзқа-
растың кездесіп қалуы да сондықтан.
М. Әуезов ХХ ғасыр басында-
ғы фольклортану саласындағы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірді жал-
ғас тыра отырып, өз үстемдігін құ-
руға ұмтылып жатқан маркстік-
ле ниндік әдіснама принциптері 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет