ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ше көңіл аударудың болуы еді. Қа-
зақстан сияқты ұлт аймақтарын бы-
лай қойғанда «академиялық мектеп»
атанып, әдебиет тарихын зерттеу са-
ласында дәстүрлі жолы бар орыс әде-
биеттану ғылымының өзі 1920 жыл -
дан бастап орыс классиктерін әде-
биеттің таптығы принципіне сай
жаңаша зерттеуді қолға алды. Ғалым
С. П. Машинский бұл туралы: «Ле-
нинская концепция классического на-
следия легла в основу художествен-
ной политики Советской власти. Воо-
руженное марксистко-ленинской ме-
тодологией, советское литературо-
ведение обнаружило принципально
новый подход к исследованию ху-
дожественного творчества и стало
важной областью идеоло-гической
жизни. Одним из важнейщих орудий
духовного воспитания людей стало
художественное наследие класси-
ков», – деп жазады [39, 11].
Әдебиеттану ғылымының ал-
дында бұл бағытта бірнеше күрделі
міндеттер тұрды. Ол біріншіден,
клас сикалық мұраны жинап, тексто-
логиялық салыстыру жасай оты-
рып басып шығару, халық игілігіне
ұсыну болса, екіншіден, осы ақын-
жазушылардың шығармашылық жо-
лы мен шығармаларын, эстети калық
көзқарастарын әр түрлі аспектіде
қарай отырып ғылыми терең зерт-
теу жүргізу керек болды. Маркстік-
лениндік ілім өз әдіснамасын жан-
жақты насихаттап баққанымен,
әде би-тарихи бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір оны бірден
қа былдай қойған жоқ. Басқаша ба-
ғыт, жаңа әдіс-тәсіл іздеп, «пролет-
культшылдарды» былай қойғанның
өзінде «формальды әдіс», «тұрпайы
социологизм», «бірыңғай ағым те-
ориясы» секілді концепцияларды
ту ғызды. Сол себептен де «поступа-
тельное развитие марксистко-ле-
нинского литературоведения шло
в острой идеологической борьбе с
раз личными ошибочными концеп-
циями» болды да, төңкеріске дейінгі
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өзінің
келе жатқан жолынан шатасып,
азды-көпті тәжірибесінен айырылып
қалды.
Мысалы үшін орыс әдебиеттану
ғылымының төңкерістен кейінгі клас-
сикалық мұраны зерттеудегі жолына
көз салалық. Әдебиетті географиялық
және тарихи ортасына, биографиялық
фактілерге бағындырып зерттейтін –
мәдени-тарихи, орыс әдебиетін бас-
қа халықтар әдебиетімен салыстыра
тексеруді басшылыққа алған – салыс-
тырмалы тарихи, әдеби мұра мен та-
рихи ескерткіштерді текстологиялық
жақтан зерттеген – филологиялық,
белгілі бір ақын-жазушының шығар-
маларының образдық жүйесіне пси-
хологиялық талдау жасай отырып
тексеретін психологиялық сияқты
мектептері болған орыс әдебиеттану
ғылымының өзі классикалық мұраны
зерттеуде елеулі қателіктер жіберді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У