Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет135/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
деген тың ойдың ғылыми тұрғы да 
көтерілгенінде. Орыс әдебиеттану 
ғы лымындағы ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің өсуіне «Игорь полкі ту-
ралы сөз» атты қолжазбаның табы-
лып, жариялануының әсері қандай 
болса, біз үшін М. Әуезовтің әде биет 
тарихын Шортанбайлар дәуірінен 
бастап зерттеу керек деген жаңаша 
бастамасының маңызы сондай. Орыс 
әдебиеттану ғылымында «Процесс 
исторического познания литературы 
в ХІХ веке углубляется. Немалую 
роль при этом сыграло опуплико-
вание в 1800 году «Слова о полку 
Игореве». Это вызвало усиленный 
интерес к истории своей националь-
ной литературы... Одновременно воз-
никает стремление связать единой 
нитью развития «древнюю» и «сред-
нюю» русскую литературу с новой, 
с литературой послепетровского 
вре мени. На этой основе озникают 
первые попытки периодизации исто-
рии русской литературы...» болса [3, 
225], М. Әуезов те қазақ әдебиетінің 
тарихы ертеден басталғаны тура-
лы ғылыми тұжырым білдіре оты-
рып, әдебиет тарихын дәуірге бөліп 
тексерудің жаңаша үлгісін ұсынып 
отырған жоқ па?
Егер әдебиет туралы ғылымның 
туып, дамуы әдеби хронология мен 
әдебиеттің әр дәуірдегі қоғамдық 
келбетіне сай өзгеріп отыратынын 
ескеретін болсақ, бұл үш мақаланың 
қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми 
жүйелеуде жаңа жол салғаны дау-
сыз. Әрине, бұл пікірді зерттеу тә-
жірибесінің аздығы мен әдеби-тео-
риялық, әдеби-тарихи талдау ба-
ғы тындағы ой-пікірдің енді ғана 
жетіле бастағанын есте ұстай айтып 
отырмыз. Бұл мақалаларда Абай шы-
ғармашылығының қыр-сырын ашу 
мен әдебиет тарихын танып білу, 
зерт теуге бағытталған қадамдар анық 
сезіледі. Қорыта айтқанда, 1920 жыл-
дардың бас кезіндегі тарихи ғұмыр-
намалық мақалалар мен дәйекте-
мелерде, түсініктемелерде клас сика-
лық мұраны игерудің әр саласына 
қол созуынан қазақ әдебиеттану ғы-
лымының туу процесін байқаймыз.
Қазақ әдебиеттану ғылымының 
туу кезеңдерін сөз еткен уақытта 
әдеби мұра мен көрнекті ақындар 
шығармашылығы туралы ой-пікірлер 
бірден сабасына түсе қоймады. Сол 
кездегі бүкіл кеңестік әдебиеттану 
ғылымы секілді Қазақстанда да әде-
би мұраны, классикалық әдебиет 
өкілдерін зерттеу мәселесінде кейбір 
қате көзқарастарға, концепцияларға 
қарсы күрес жүргізуге тура келді. 
Бұл кезеңде, яғни 1920-1930 жылда-
ры, башқұрттың халық ақыны С. Құ -
даш айтқандай, «Әдебиетіміз тари-
хын әлі толық түсініп бітпеген аса 
күрделі кезеңде», әдеби мұраны иге-
ру, зерттеу, әдебиет тарихын жүйелеу 
саласындағы жұмыстардың тез да-
мып кетуіне кері ықпал жасап, зиян-
ды әсері күні бүгінге дейін созы-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет