ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
лып келген екі бірдей теріс көзқарас
кедергі жасады. Оның бірі – жиыр-
масыншы жылдардың бас кезінде-ақ
басталған пролеткультшылдардың
нигилизмі болса, екіншісі – ҚазАПП
қайраткерлері қатты қолдап, жиі пай-
даланған «тұрпайы социологизм»
әдісі. Бұл екі теория классикалық
мұ раны зерттеуде Қазақстанда ғана
емес, бүкіл әдебиеттану ғылымында
орын алды. Пролеткультшылдар ға-
сырлар бойы жасаған прогрессив-
ті әдеби дәстүрді жоққа шығарса,
әдебиет тарихын зерттеуде «тұрпайы
социологизм» әдісін қолдаушылар
жазушының шыққан таптық тегі мен
шығармашылығындағы идеялық ны-
сана арасындағы өзгешелікке көңіл
аудармай, әдебиеттің партия лығын
желеу етіп, таптық тұрғыда тал дау
жасауды уағыздады, догмаға айнал-
дырды. Бұл концепциялар қазақ әде-
биеттану ғылымы мен сынында про-
леткультшылдықты жақтаушы ұлт-
тық нигилистерден және ҚазАПП-
тың әпербақан мүшелерінен қатты
қолдау тапты.
Орыс әдебиеттану ғылымына қа-
рағанда біздің ұлттық әдебиет ту-
ралы ғылымымыз әдебиет тари хын
зерттеуде көп қиындыққа кезікті.
Оның бірнеше обьективтік себептері
бар. Бі ріншіден, революцияға де-
йінгі ақын-жазушылардың шығар-
ма шылығы зерт телмек түгіл, толық
жиналып, текс тологиялық жүйелікке
түсіп, то лық басылып шыққан да жоқ
еді. Екіншіден, әдеби мұраны зерт-
теуде қалыптасқан дәстүр мен озық
тәжірибе болмады, үшіншіден, қазақ
интеллигенциясының көбі ағар ту-
шылық-демократтық бағытта бол-
ғанымен, көркем өнер туралы әдеби-
теориялық біліммен терең таныстығы
шамалы болды. Сондықтан да қазақ
әдебиеттану ғылымы мен сынына
әдеби мұраны ұлттық нигилистер-
ден, жалған жаңашылдардан, дог-
матиктерден қорғай отырып туу, өсу
дәуірін бастан өткізуге тура келді.
Сонымен қатар, қазақтың ұлттық
мәдениеті, оқу-ағарту саласы, өне-
рімен қанаттаса отырып даму бары-
сында «бірыңғай ағым» теориясы,
«тұрпайы социологизмдерге» қарсы
күресте шынықты. Жеке дарын иелері
мен қазақ әдебиетінің классиктерінің
шығармасын зерттеуде осы күрес
қандай жағдайда, қандай сипатта
болғаны тереңірек әңгімелеуді қажет
етеді.
Белгілі бір дәуірдегі көрнекті
қалам қайраткерлерінің шығармасын
зерттеу, оның әдебиеттегі орнын
белгілеу дегеніміз – сол дәуірдегі
әде биеттің кескін-келбетін анықтау,
тарихына барлау жасаумен тығыз
байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда
қазақ әдебиеттану ғылымының туу
дәуіріндегі ғылыми ойдың өсуіне өзек
болған ұлы Абай шығармашылығы
еді. Абай мұрасының зерттелуі, абай-
танудың әдебиеттану ғылымының
бір саласы ретінде қалыптасу жолы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У