ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жаңсақ кетушілік жоғарыда аталған
ақындардың творчествосын тексеру-
де біршама орын алды.
Әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бергі әдебиеттегі ақын-
дарды «Қазақстанда жаңа өркендеп
келе жатқан қоғамның, яғни буржу-
азиялана бастаған қазақ байлары-
ның өкілі» деген көзқарастағы ұғым
қалыптасты. «Егер ақын өзі өмір
сүріп отырған феодалдық қо ғам-
дық құрылысты сынаса, ол жаңа
өсіп келе жатқан буржуазия та-
бының көзқарасымен сынады» де-
лініп, ақындар шығармаларындағы
ха лықтық, сыншыл реалистік си-
патты феодализм және капитализм
арасындағы қайшылыққа сайып жі-
бе рілді. Бұған, әсіресе ата-тегі «тұр -
пайы социологизм» теориясына
келе қоймайтын кедей таптан шық-
қан ақындар құрбан болды. Мы-
салы, Шортанбай, Нарманбет, Ақ-
мол ла, О. Қарашовтардың орыс
пат шалығы отаршылдық саясатын
сы наған шығармалары жаңашыл-
дық қа, қоғамға қарсы деген ұғымда
түсіндіріліп, олар «ескі заманды
хандық, бектік дәуірді аңсайтын
кертартпа ақындар» болып кетті.
Ал Ыбырайдың қазақ прозасының
негізін салудағы, педогогтық-ағарту-
шылық еңбектері мен жаңашыл су-
реткерлігі дұрыс бағалана отырса да
«Ыбырай шығармаларының мәні,
сапасы негізінен билер (феодал-
дар) табынікі» деп бағаланды. Осы
сипаттағы пікірлер Ы. Алтынса рин
туралы шыққан мақалалардың кө біне
тән десе де болады.
Классикалық мұраны зерттеуде
қазақ әдебиеттану ғылымындағы
қате пікірлер мен «тұрпайы социо-
логиялық» тұжырымдардың қатты
өріс алуына 1932 жылғы «Сталин
жолдастың хатына байланысты Қа-
зақстанда теория майданындағы кү-
рес міндеттері туралы» түсіндірме
хат әсер етті. Сталиннің «Большевизм
тарихының кейбір мәселелері ту-
ралы» хатының ықпалында жасалған
бұл нұсқау құжат «халық фолькло-
рының көптеген шығармалары ның,
революцияға дейінгі кезеңнің аса
көр некті бірқатар ақындарының твор -
чествосын жөнсіз жазғыруды кү-
шей тіп, сол кездегі маңдай алды әде -
биетшілерді (А. Байтұрсынов, С. Сей -
фуллин, М. Жұмабаев, М. Әуезов,
С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Б. Май-
лин және басқалары) қуғындауды
өршітті, олардың көпшілігін ке-
йіннен репрессияға ұшыратты». Со-
лақай сыншылдықтың дауылы қай-
та көтеріліп, жоғарыда аталған да-
рындардың мұрасын ғылыми сөз
ете бастаған мақалалар «өткір сынға
алынып, оларға феодалдық-рулық
құрылысты марапаттады, өткен кезең
ақындарының творчествосына тап-
тық емес көзқараста болды деген
айып тағылды». Осы қаулы класси-
ка лық мұраның либерал-буржуа-
зия лық немесе билік-феодалдық бо-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У