Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет152/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
әдеби-анықтамалық сипаттағы зерт-
теу мақалалар жарық көрді.
Қазақ әдебиеті тарихының сан 
түрлі қойнауларында әр түрлі бар-
лау жасаған М. Жұмабаевтың «Ба-
зар жырау», Ә. Тоқмағамбетовтің 
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті 
және Шортанбай», Е. Ысмайыловтың 
«Нарманбет ақын», «Ел баласы» де-
ген автордың «Сыншылдық туралы» 
(Шернияз жайында), Ә. Лекеровтің 
«Қазақ әдебиетінің тарихы туралы», 
Н. Фатовтың «Қазақ әдебиетін тек-
серу мәселелері» атты мақалалар 
ұлттық әдебиетіміздің өкілдерін сөз 
ету арқылы оның тамыры тереңде 
жатқаны туралы ой қозғайды. Ұлы 
Отан соғысына дейінгі дәуірдегі жеке 
ақындар туралы ғылыми-ғұмырнама, 
анықтамалық-зерттеушілік сипат та-
ғы мақалаларды салыстыра қарасақ, 
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан 
бергі әдебиет өкілдері көбірек сөз 
болғанын аңғарамыз. Оған ілгеріде 
сөз болған еңбектерден басқа М. Жұ -
мабаевтың «Ақан сері», Н. Ма най-
ұлының «Шәңгерей ақын тура лы», 
«Кітапшы» деген автордың «Шәң -
герей», С. Сейфуллиннің «Ақ молла-
ның өмір тарихы», Ө. Тұр ман жа-
новтың «Молда Мұса», белгісіз ав-
тордың «С. Көбеевтің өмірі мен 
жазушылық қызметі», Ә. Марғұ-
ланның «М. Ж. Көпеев», Р. Жаман-
құлұлының «Таныстыру» (С. Дөнен-
таев туралы) деген сияқты мақала-
лары айқын дәлел.
Бұл ақындардың өмірі мен твор-
чествосын зерттелуі барысында 
сол кезеңдегі ұлттық ғылыми-зерт-
теушілік және сыншылдық ой-пі-
кірдің өсу жолына маркстік-лениндік 
әдіснама принциптері ықпалы, ни-
гилистік көзқарас және «тұрпайы 
социологизм» теориясының әсері 
тимей қалған да жоқ емес. Әсіресе, 
1920 жылдардағы көптеген мақала-
ларда пролеткультшылдық ниги-
лизм қатты орын алды. Біз ол ма-
қалалардың бәрін келтіруді орынсыз 
көріп, «тұрпайы социологизмге» 
сай ұшқары пікірлер кездессе де, 
ғы лыми-зерттеушілік және әдеби-
тарихи талдау жасау сипаты айқын 
мақалаларға ғана тоқталдық. Жаңа 
туып келе жатқан қазақ әдебиеттану 
ғылымында классикалық мұраны, 
көрнекті дарындар творчествосын 
ғылыми тұрғыда зерттеуде «адамзат 
қоғамының тарихы – тап тартысының 
тарихы» деген тұжырымды догма лық 
түрде қабылдау талай ерсілік терге 
жол ашты. «Бір кезде В. И. Ленин -
нің пролеткультшілдердің «бұрын-
ғы мәдениеттің бәрін жойып жа-
ңадан жасаймыз» деген әсіре бел-
сенділігіне қарсы шығып, адам-
заттың сан ғасырлар бойында жи-
наған ілім-білім қазынасын толық 
меңгергенде ғана жаңа қоғам құ-
руға болады деген қағидасы сөз 
жүзінде мойындалғанмен, нақтылы 
іс-тәжірибеде жаңсақ кетушілік 
жиі орын алған еді». Міне, осы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет