ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
дығын, енді осы әдіснама талапта-
рына сай даму жолын бастайтынын
да дәлелдеп берді. Ғасыр басынан
бері келе жатқан әдебиетті тарихи
тұрғыдан тану жолындағы әдеби-
тарихи ізденістер мен көрнекті да-
рындардың шығармашылығы туралы
әр түрлі сипатта айтылып, әр мақала,
әр оқу құралында шашылып жүрген
ғылыми көзқарастағы пікірлер мен
тұжырымдарды бір жүйеге түсіре
баяндап берді. Авторлар «тұрпайы
социологизм» тео риясының ықпа-
лымен ғана емес, «ұлтшыл-алашор-
дашылдыққа» қарсы күрестің әсері-
нен тым артық айтылған пікірлер-
ді де түзетіп, ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің кең өріс алуына бастай-
тын тың жатқан проблемаларды да
көрсетіп берді. Сондықтан әр ақын-
жазушы шығармашылығын зерт теу-
дегі соны ойлардың айтылуын ұзақ-
сонар баяндаудан көрі, осы өзек ті
мәселелерді атап өтсек те жеткі лікті.
Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт
мұрасын зерттеуде, олардың дүние-
танымын, өнерпаздық тұлға сын ба-
ғалауда, ағартушылық көзқарас тары
мен сыншыл реализмін тереңдете
ашуда, мына бағыттарда тексеру қа-
жет дейді.
1. Ыбырай – тұңғыш педагог-ағар-
тушы, жаңашыл, прогресшіл, қазақ-
тың таза әдеби тілі мен прозасының
негізін салушы.
2. Абай – өз заманының сыншы-
сы, көркем әдебиет тілінің негізін
салушы, үлкен классик, көркем сөз
шебері, новатор.
3. Сұлтанмахмұт – әділет іздеген
шыншыл да сыншыл, Абайдан кейін-
гі ұлы реалист, классик ақын.
Әрине, маркстік-лениндік әдісна-
маға сай осы дарындар мұрасының
халықтық, таптық сипатын таныту-
да жаңа тұжырымдар да айтылып
отырылған. Ыбырайдың еңбек та қы-
рыбындағы шығармаларына, Абай-
дың саяси-әлеуметтік лирикасына,
Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» ро-
манына жасалған ғылыми талдаулар
көңіл аударарлық.
Хрестоматияда Шәңгерей, Нар-
манбет, М. Ж. Көпеев, О. Қарашев,
С. Дөнентаев творчествосынан сол
кезең идеологиясына сай келмейтін
қайшылықтарды іздей отырып, за-
ман талабына тән баға берілсе,
С. Көбеев пен 1916 жылғы ұлт-азат-
тық көтеріліске байланысты ту ған
жырлар оқу құралы жүйесіне ең
алғаш рет кіргізілген. Оқулық-хрес-
томатия болғандықтан көркем шы-
ғарма мәтіні мол берілуі және мо-
нографиялық портреттің мектеп оқу-
шыларының жас ерекшелігіне лайық
болуын ойлағандықтан авторлар тал-
дау, зерттеу барысында еркін құлаш
сермеп тереңдеп кете алмағандығы
байқалады.
Сонымен, Ұлы Отан соғысына
дейін қазақ мектептері хроноло-
гия лық тәртіппен жасалған жүйелі
хрестоматиялар мен оқулықтармен
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У