ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жа ңалығы – қазақ әдебиетінің
көркемдік әдіс тұрғысынан келген-
де қандай деңгейде тұрғандығын
ашып беруге ұмтылыс жасауында.
«Қазақ әдебиетінің бұл күнге дейін
жүріп келген жолына қарағанда
жаңа дәуір, жаңа үлгінің туатын кезі
жеткендей. Жазба әдебиеттің жаңа-
дан түбір тауып, ауданын кеңейтіп,
келесі өрнекті дәуірге қарай аяқ ба-
суы, осы белгілерден басталса керек.
Қазақ әдебиетінің бұл дәуірі буы-
ны бекіп қатарға кірерлік әдебиет
болғандығын көрсететін сыршыл-
дық – романтизм дәуірі болады. Бұл
арада біздің әдебиеттің өткен күні
туралы айтылатын сөз: Абайдан бергі
дәуірді орыстың реализм дәуіріндегі
толық реализм дәуірі деп айтпаймыз.
Ол уақыт қазақ әдебиетінің аяғын
апыл-тапыл басып келе жатқан кезі
болғандықтан, толық реализм шар-
тын көрсеткен жоқ. Бұл мақалада ол
дәуірде реализм болды деген сөз бол-
са, ол өзге күйдің ішіндегі күштірек
болған сарын сол деп айтылғаны»
деген пікірдің тұжырымдала берілуі-
нің танымдық бағыты зор еді. Сол
арқылы әдеби-теориялық ой-пікір-
дің ұлт әдебиетінің көркемдік даму
деңгейі қандай екенін анықтаудағы
жаңа ізденістеріне жол ашып, әдеби
әдіс тұрғысынан зерттеу нысанасына
алуға тың бастама жасады.
М. Әуезов мақаласынан кейін
ұлт әдебиетінің көркемдік деңгейі
қандай екенін анықтау сыншылдық
және әдеби-теориялық ой-пікірде
өзекті мәселеге айналып, әдеби
ағымдар мен көркемдік әдіс туралы
өз көзқарасын білдірушілер көбейе
түсті. Мезгіл жағынан алғанда, бұл
мәселеге алғаш үн қосқан Ж. Ай-
мауытов болды. Өзінің «Талқыға»
деген айдармен жазған «Әдебиет
мәселесі» («Ақ жол», 1925, 1 сәуір)
атты мақаласында әдебиеттің қандай
дәуірде екенін әдеби ағым мен
көркемдік әдісті теориялық тұрғыда
зерттеу арқылы анықтау мақсатын
алға қояды. Ол үшін «Қазақ әдебиеті
көгерсін, гүлденсін десек, жалаң
тап көзімен, не саясат көзімен қарап
сыңаржақ кетпей, Маркс көзімен (ди-
алектика әдісімен) сынау керек» деп
ескертіп алуы заңды. Бұл біріншіден,
автордың теориялық көзқарасының
«тұрпайы социологизмнің» тап-
шыл дығы мен саясатшылдығынан
аулақ екенін байқатса, екіншіден, өз
үстемдігін құруға ұмтылып жатқан
маркстік-лениндік әдіснаманың та-
лаптарына ыңғайлана бастағанын
сездіреді.
Ж. Аймауытов төңкерістің қазақ
әдебиетіне «үгітті желдеткен үндеу,
екінші жағынан уайым, қайғы,
торығу кіргізгенін» тілге тиек ете
келіп, әзір қазақта тап ақыны жоқ де-
ген тұжырымға келеді. Оның басты
себебі, қазақ жазушылары төңкеріске
жолдан қосылды деп табады да,
«әдебиеттің бір қанаты төңкеріс
рухымен суарылса, екінші қанаты
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У