ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жағдайлар мен рухани ортаның мә нін
ашуды көздеген [62,406]. Сол арқы-
лы Мағжан поэзиясының ұлттық,
халықтық сипаттарын ғылыми са-
ралап берді. Бұған дейін әдеби-
теориялық ой-пікір бұл ұғымдарды
тек сөз арасында ғана айтып қалып,
жеке ақын шығармашылығына орай
ғылыми терең қарастыруға ден-
деп бара алмай жүрген болатын.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының
туу кезеңіндегі әдеби-теориялық ой-
пі кірдің өсу, кемелденуі жолын да
мақала қосқан ең басты жаңалық та
осы болды. Мағжанның «кедейдің
ақыны емес, ұлт ақыны, ұлтты жал-
пағынан алып қарайтын», халықшыл
ақын екенін дәлелдеу – мақаланың
бүкіл желісінің өзегі болуы да сон-
дықтан болар.
Мақаланың әдеби-теориялық ой-
пікірге қосқан тағы бір ерекше жа-
ңалығы – Мағжан поэзиясындағы
әдеби ағым және көркемдік әдістер-
ді анықтау мақсатында теориялық
талдау жасауы. Қазақ әдебиетінің
көркемдік деңгейі қандай дәуірде де-
ген проблема баспасөзде жан-жақты
сөз болғанда тың пікірлер білдірген
Ж. Аймауытов бұл мәселені де нақ-
ты сөз етеді. «Мағжанның алғашқы
кездегі өлеңдерінде неше түрлі рух
бар. Сыртқы түрінде орыстың бейне-
шілдеріне (символист) еліктесе, іш-
кі рухында күйректік, жылауықтық
(сен тиментализм), романтизм бол-
ды. Сентиментализм әсіресе, әйел
теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде
ұшырасады», – дей келіп, осылардың
әрқайсысына нақты мысал келтіре
отырып дәлелдейді. Сын мен әде-
биеттану ғылыми тарихында әдеби
ағым мен әдіс тұрғысынан да алғаш
теориялық талдауға түскен де Мағ-
жан поэзиясы болғанын атап айту ке-
рек. Бұл бағыттағы әдеби-теориялық
талдаулары авторға: «Мағжан –
терең күйдің ақыны емес, нәзік
сезімнің, тәтті қиялдың, ақыны, ол
– кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны.
Ел ішінде бай, кедейдің арасын-
да қиянатты, теңсіздікті көрмейді.
Ұлтты жалпағынан алып қарайды.
Ол түрікшіл, санашыл, уайымшыл,
өзімшіл ақын, бұл жағынан қарасақ,
ол – ескі пікірлі ақын.
Жақсы жағын алсақ, ол сыр-
шыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы,
түрікшіл, романтик, мәдениет шіл,
отар шылдыққа, жауынгершілікке қар -
сы күншығысшыл екен» деген тұ-
жырым жасауға мүмкіндік береді. Бұл
пікірдегі «ескі пікірлі ақын» деген-
ді теориялық тұрғыдан түсіну керек.
Санашыл деп отырғаны идеализм
болса, уайымшылы – сентимента-
лизм. Сондықтан ол төңкерісшілдер
таңған «ескішіл керітартпа, бай-
шыл-феодалшыл» деген түсінікті
білдірмейді. Автор Мағжан шығар-
ма шылығына маркстік-лениндік әдіс -
нама тұрғысынан қарап отырған-
дықтан да санашылдық (идеализм)
пен күйректік (сентиментализм)
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У