Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет215/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
спаларымызда бүгіннен түңіліп, 
өт кенді көксейтін, ұлтшылдықты 
дә ріптеп, бай тілегін тілейтін бай-
шыл ақындардың, жазушылар дың 
шы ғармалары, ертегі-сертегілері тоқ-
таусыз басылып жатқанда, төң-
керісшіл ақындардың шығармалары 
басылмай келеді» деген пікірді пар-
тия атынан айтуы, ұлтшылдықты 
әшкерелеу науқанының отына май құя 
түсті («Еңбекші қазақ», 24.08.1925).
Осыдан кейін-ақ қазақ баспа сөзі 
бетінде төңкерісшілдердің «ұлт -
шыл дар ескілікті көксейді», «ұлт-
шылдардың 
шығармалары 
көп 
ба сылып кетті», «олар байлар та-
бының мұрасын дәріптеу арқылы 
еңбекші таптың санасын улағысы 
келеді», «пролетариат әдебиетінде 
ұлтшылдарға жол жоқ» деген се-
кілді пікірлер оңды-солды айты-
лып, қазақ әдебиетінің өсу жолын, 
көркемдік деңгейін жап-жақсы сөз 
ете бастаған әдеби-теориялық ой-
пікірге тұсау салды, дағдарысқа 
ұшыратты. Қазақ әдебиетін тео-
риялық тұрғыдан қарастыра бас таған 
сыншылдық және әдеби-тео риялық 
ой-пікір осыдан кейін С. Мұқановтың
«Көркем әдебиет туралы» («Еңбек-
ші қазақ», 14.10.1926.) мақаласынан 
кейін туындаған «қазақ әдебиеті-
нің келешегі кімдікі? бұл жолда 
кімнен үлгі аламыз?» деген мәселе 
төңірегіндегі айтыс-тартысқа арала-
сып кетті де, жақсы бастама жалға-
сын таппады. Көркем әдебиет туралы 
айтысқа үн қосқан жиырмадан астам 
мақалада әдеби ағым, көркемдік әдіс, 
немесе тағы да басқа теориялық 
ұғым түсініктердің сөз болуынан 
гөрі, әдеби сынға тән полемикалы 
сауалдар төңірегіндегі пікірталас ба-
сым болды.
Ә. Байділдин өз мақалаларында 
кеңестік идеологияға сүйене отырып, 
әдеби ағым және көркемдік әдіс ту-
ралы өз көзқарасын ашық білдірді. 
Оның арғы жағында партияның көр-
кем әдебиет жөніндегі саясатының 
негізінде туған таптық позиция 
мен мұндалап тұрды. «Соңғы жыл-
дар әдебиет туралы сөз қозғалғанда 
қойылған сұрауға көбінесе қазақ 
әдебиеті қазір романтизм дәуірінде 
деген жауап беріліп жүр. Олар әде-
биет туралы сөйлегенде романтизмді 
қайырулы қаршығасындай қолына 
қондыра сөйлейтіндей болып жүр. 
...Әдебиетіміз романтизм дәуі рін-
де деушілердікі адасқандық. Әде-
биетіміз романтизм дәуірінде емес, 
көшпелі дәуірде. Бұл дәуірде көбі-
несе нағыздық пен төңкерісшіл са-
рындамалық (реализм мен революци-
яшыл романтизм. – 
Ж. С
.) бағыттар 
есеюге тиіс», – деп жазып, өзінің 
«Қазақ әдебиеті қазір қандай дәуірде» 
(«Еңбекші қазақ», 06.11.1926) ата-
латын мақаласы арқылы әдеби-
теориялық ой-пікірге бұрынғы ма-
қалаларда кездесе қоймаған төң-
керісшіл сарындамалық деген ұғым-
ды енгізді. Оны ғылыми тұрғыда 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет