ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
кадрларсыз келуге мәжбүр бол-
ды. Сондықтан да оған өзінің туу
кезеңіндегі қол жеткізген жетістіктері
мен орын алған кемшіліктерін сара-
лап, алдағы атқарылар жұмыстарын
жоспарлап алуына мүмкіндік бол-
мады. 1920-1930 жылдардағы әдеби
сынды жанр ретінде қалыптастырған,
әдебиет туралы ғылымды туды-
рып үлгерген азды-көпті табысты
сталиндік саясат жоққа шығарған еді.
Сын мен әдебиеттану енді И. Ста -
лин басшылығымен түзетулер енгі-
зілген маркстік-лениндік әдіс нама
мен идеологияға сай бағыт-бағ-
дар түзеуге дайындала бастады.
«Ұлтшыл-алашшыл» атанған сын-
шы-әдебиетшілердің зерттеу ең-
бек терін былай қойғанда, төңкеріс-
шіл дердің көп жағдайда маркстік-
лениндік әдіснама талаптарына сай
келетін мақалалары мен зерттеуле-
рі, оқулықтары ғылыми айналымға
енгізілмей тыйым салынуы, пайда-
ланудан шығарылып тасталуы үлкен
қиындыққа ұшыратты. Бұл даму
жолын бастағалы тұрған ұлттық
әдебиеттану ғылымы үшін ең басты
кедергі еді.
Ал екінші қиыншылық, осы да-
му жолындағы алғашқы қадамдар
фашистік Германияның кеңестер
елі не соғыс ашқан лаңы мен соның
зардаптарын жоюға толы қиын жыл-
дарға тап келуі болды. Өйткені, кеше
ғана іргелі зерттеулер жазып кеткен
ағалардың алдын көрген, ғылыми
ортаға 1939-1941 жылдары таныла
бастаған жаңа жас күштердің көбі
қаламды қаруға айырбастап, май-
данға аттанды. Сондықтан негізгі
сал мақ жеке басқа табыну салдары-
ның әшкерелегіш науқанынан, өрттен
аман қалған бұтадай селдіреп қалған
аз ғана топтың иығына түсті.
Қан құйлы соғыс жүріп жатқан
кезеңде барлық күш жеңіс үшін
жұмсалғанымен, ұлттық ғылыми-
зерттеушілік, әдеби-теориялық ба-
ғыт тағы ой-пікір өз ізденістерін
тоқ татқан жоқ. Заман талабы оның
ал дына жаңа міндеттер қойып, тез
арада шешуді талап етті. Оның
алғашқысы, басқадай оқу құралы
болмағандықтан, «ұлтшыл-фашист,
халық жаулары» жазған оқулықтар
мен олардың шығармашылығы енгі-
зілген оқу құралдарын пайдаланып
отырған орта мектептер мен жоғары
оқу орындарын жаңа кітаптармен
қамтамасыз ету міндеті болды. Ал
екіншісі, фольклорлық мұра үлгі-
лерін жариялау, пайдалану, насихат-
тау және зерттеу міндеті еді. Оны
соғыс кезінің талап-тілегіне сай бүкіл
халықты жеңіс үшін жанқиярлық-
пен еңбек етуге жұмылдыруда отан-
шылдық, патриотизм рухын көтеруге
шақырған кеңестік идеология тудыр-
ды. Ол әсіресе, таптық көзқарасқа
сай тыйым салынып келген батыр-
лық эпостардың жарыққа шығуы
мен зерттеле бастауына себепкер
болды. Бұл басқа да фольклорлық
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У