ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
тұсында ғана алған А. Құнанбаев
пен Ы.Алтынсариннен басқа ақын-
жазушылар туралы нақты ғылыми
тұжырым жасала қоймаған болатын.
30-жылдардағы әдебиет хрестома-
тиялары мен оқулықтарды, басқа да
ғылыми мақалалар мен зерттеулер-
де шыққан ортасына сай үстем тап
мүддесін жырлағанына, ескілікті
көксеуші керітартпалығына немесе
либерал-буржуазияның өкілі бол-
ғандығына баса көңіл аударылған
ақын-жыраулар енді жаңаша баға-
ланды. Бұқар жырау, Шортанбай,
Сұлтанмахмұт, Нысанбай, Шәң-
герей, Ғ. Қарашев, М. Ж. Көпеев
се кілді дарындар әдебиет хресто-
матиясынан тұрақты орын алып,
өмірі мен шығармашылық мұрасы
оқытыла бастады. Ал бұрынғы оқу
құралдарына енгізілмей келген Ду-
лат, Мұрат, М.Өтемісұлы, Нарман-
бет, С. Көбеев, С. Дөнентаев, т.б.
ақын-жазушылардың әдебиет та-
рихындағы орнының белгіленуі,
хрес томатиялар арқылы жүзеге асқан
тың ізденістердің жемісі екені анық.
Төңкеріске дейінгі әдебиет тари-
хын зерттеу саласында осы секілді
игі қадамдар жасалып жатса, кеңестік
дәуірдегі әдебиетке арналған хресто-
матиялар оның тарихи өркендеу, даму
жолын бере алмаған жүйесіздік пен
жұтаңдыққа ұшырады. Сәкен, Ілияс,
Бейімбет бастаған көптеген ақын-
жазушылар сталиндік саясаттың
құрбандығына ұшырағандықтан, 20-
30 жылдардағы әдеби даму М. Әуе-
зов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тә -
жібаев, Қ. Әбдіқадыров тағы да бас-
қалардың кеңестік идеологияға қай-
шы келмейтін шығармаларымен сы-
дырта баяндалды. Бұлардан басқа,
әдебиетке 30-жылдардан бастап кел-
ген ақын-жазушылар мен советтік
дәуірдегі халық шығармашылығы-
ның өкілдері таныстырылды. Ж. Жа-
баев, Н. Байғанин бастаған жыршы-
жыраулардың
шығармашылығына
ерекше көңіл бөлінді. Бұлардың
хрес то матияға енгізілуі жаңалық
ны ша нын танытқанымен, 1920-
1930 жыл дардағы қазақ әдебиетін
зерттеуге арқау боларлықтай өзекті
мәселелерді көтеруге заман тала-
бы мүмкіндік бермеді. Әйтсе де
кейіндегі іргелі зерттеулерге (әсіресе
советтік дәуірдегі фольклор мен
халық ақындары шығармашылығын)
апаратын алғашқы ой-пікірлердің
негізі қаланғанын жоққа шығаруға да
болмайды.
Фольклор мен әдебиет тари-
хын зерттеудегі негізгі бағыт-бағ-
дарлары мен арналары әдебиет хрес-
томатия ларында осындай сипат та
айқындалған болса, олардың күр-
делі мәселелерін ғылыми тұрғыда
тереңдете тексеру оқу құралдарын
жазу барысында жүзеге асты. Оқу-
лықтар мен басқа да ғылыми зерт-
теулерді қарастырғанда, ең негізгі бір
мәселеге, қазақ әдебиеті тарихының
ғылыми курсын жасау мен дәуірге
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У