І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Оған ХІХ ғасырда қазақ даласын да
әлеуметтік, қоғамдық ой-сананың өсуі
мен халық творчествосы үлгіле рін
жинау, жариялау жұмыстары, қазақ
баспасөзінің жолға қойылуы шешу-
ші ықпал жасады. Қазақтың халық
поэзиясының жанрлық табиғаты ту-
ралы теориялық тұрғыдан алғаш
ғылыми пікір білдірген алдыңғы
қатарлы орыс ғылымының көрнекті
өкілдері, ориенталист-этнограф ға-
лым дар болды. И. Березин, В. Рад-
лов, Г. Потанин, А. Васильев, Н. Пан-
тусов, А. Алекторов және тағы бас -
қалар қазақ ауыз әдебиетінің асыл
мұраларын жинап, жариялау про-
цесі барысында қазақ халқының
өнерпаздық дарындылығы, әсем ән
мен келісті мақамға, өрнекті ыр-
ғаққа құмарлығы, поэтикалық қа-
сиеті, жеке ұлттық поэзия ретіндегі
жанрлық табиғаты, аңыз-ертегілері
мен эпикалық жырларында тарихи
деректердің мол болатыны туралы
түсіндірмелік мәндегі пікірлер біл-
діріп отырды. Осы ғалымдардың
қа зақтың халық поэзиясы үлгілері
жайында таныстырушылық мақса-
тында келтірген аз да болса са лыс-
тырмалық мәндегі ойларында сөз
етіп отырылған әдеби-көркем ма-
те риалдың қазақ фольклоры екенін
қосатын болсақ, бұлар қазақтың
оқыған, көзі ашық адамдарының
әдеби-теориялық ой-пікірін қалып-
тастыруға игі ықпал еткен жетекші
факторлардың бірі болды. Орыс
фольклористерін халық поэзиясы-
ның саф алтындай тазалығы мен
көр кемдігі, жанрлық түрлерінің мол-
дығы қатты таң қалдырғаны белгі лі.
Қазақ поэзиясының табиғаты мен
өлең құрылысы жайындағы алғаш қы
теориялық пікірді В. В. Радлов айтты.
Қазақ поэзиясы үлгілерін салыс-
тыра қарай отырып, өлең және жыр
деп бөледі. Қазақ өлеңіне сипаттама
және ең алғаш анықтама бере келіп:
«Қазақ өлеңі төрт жолды шумақтан
құрылады. 1, 2, 4 жолдары ұйқасып
келеді. Әр жол үш ырғақтан тізіледі,
екпін ырғақтың басы мен аяғына
түседі», – деп нақты мысалдар кел-
тіреді. Қазақ өлеңінің жанрлық
сыр-сипатын ғылыми терең ашып
бер месе де В. Радлов бұл пікірі ар-
қылы басқа фольклористерге қара-
ғанда теориялық тұрғыдан алғанда
жаңа қадам жасады. Себебі, Қа зан
төңкерісіне дейін орыс фолькло рис-
терінің басты мақсаты халық твор-
чество сын жинау, жариялау болғаны
мәлім.
Фольклорлық мұраны игеру са-
ласындағы осы тәріздес игі қадам-
дардың жасалуы нәтижесінде ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікір фоль-
клор тану саласындағы келешек із де-
ністерге кең жол ашатын үлкен бір
мәселені шешіп алды. Ол – ха лық
ауыз әдебиетін жанрға және түр-
ге бөлуде жасалған алғашқы клас-
сификацияның тууы еді. Бұл Ә. Ди-
ваев пен М. Ж. Көпеевтің еңбекте рі-
нен көрінді.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У