Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет404/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
ты мақалалар осы басылымдарда 
көріне бастады. Сыншылдық ой-
пікірлер, әсіресе «Айқап» (1911-
1915) журналы мен «Қазақ» (1913-
1918) газеттерінде жандана түсті. 
Сынның жанрлық белгілерінің қа-
лыптасу үстінде жаңа кітапқа ре-
цензиялар, шолулар, мақалалар кө-
рінді. Мысалы, журналда шығып 
жатқан кітаптар жайлы материал-
дар ұдайы беріліп тұрған. Журналда 
жарияланған Нұржан Наушабаев тың, 
Ғұмар Қарашовтың өлең жинақ тары, 
С. Көбеевтің «Қалың мал» ро маны, 
эпостық жырлар жайлы рецензиялар 
жарық көрді. 
1971 жылы жарық көрген «Сын 
сапарында» «Қазақ» газетіндегі 
сын жанрлары туралы сөз болмай-
тын. Кейін шыққан «Қазақ әдебиеті 
сынының тарихында» (1994) осы 
олқылықтың орны толтырылып, бұл 
басылым, онда жарияланған әдеби 
пікірлерді талдауға едәуір орын 
берілген. А. Байтұрсыновтың, М. Ду-
латовтың, Ә. Бөкейхановтың, Р. Мәр -
сековтің, т.б. мақалаларының қазақ 
әдеби сынының дамуындағы үлкен 
мектеп, жаңа бағыт, биік белес бол-
ғандығы жан-жақты дәлелденген. 
Сөйтіп, алты алаштың туын көтеріп, 
мұңын мұңдап, жоғын жоқтап шық-
қан арыстардың әдеби ой-пікірлері 
алғаш рет осы еңбекте ғылыми 
тұрғыдан зерделенді. Сондай-ақ бұ-
рындары «жабық» болып келген 
«Са рыарқа» газеті, «Абай» журна-
лы сияқты басылымдардағы сыни 
материалдарға да орын берілген.
Әдеби сынның дамуы көркем 
әдебиеттің дамуымен тікелей байла-
нысты. ХХ ғасырдың басында дами 
бастаған қазақтың профессионалды 
жазба әдебиеті сыни ой-пікірлердің 
жандана түсуіне объективті алғы-
шарттар жасады. Басылып шығып 
жатқан жаңа кітаптар жайлы пікір 
білдірген материалдар баспасөз бе-
тінде жиілей түсті. Зерттеуші оларды 
құрылымдық, мазмұндық, мақсат тық 
ерекшеліктеріне қарай дәйектеме 
сын, жарнама сын, аннотация, оқу-
шы хаты, рецензия, айтыс мақала, 
публицистикалық сын, проблемалық 
мақала, шолу, ғұмырнама, баяндама, 
сын мақала, зерттеу мақала сияқты 
жанрлық және формалық түрлерге 
жіктейді. 
Сыншылдық ой-пікірдің дамуын-
да, әсіресе Абай поэзиясының оры-
нын атап көрсетеді. Абайтанудың ал-
ғашқы қадасы қағылған 1905 жылы 
«Семипалатинский листоктан», «За-
пискиден» (Семей) бастап, әсіресе 
К. Ысқақұлының мақалалары кеңі нен 
сөз болады. Ұлы Абай поэзиясы ның 
өсер сынға өріс болғандығына назар 
аударады. 
1917 жылы Қазан төңкерісі қазақ 
жеріне де көп өзгерістер әкелді. 
Жаңа заманмен бірге жаңа талаптар 
өз дегенін істей бастады. Қоғамдық 
өмірдегі бар мәселе таптық тұрғыдан 
шешілген тұстарда әдебиет майда-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


427


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет