Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет411/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
на бөленді. Т. Кәкішевтің көптеген 
публицистік мақалалары, ірі-ірі айту-
лы еңбектері «Санадағы жаралар дан» 
арылып, арыстарымызды қатарға 
қосу, кейінгі ұрпақтарға танытуға 
арналды. Бұл бағыттағы айтулы 
еңбектері «Октябрь өркені» (1962), 
«Дәуір суреттері» (1967), «Сәкен 
Сейфуллин» (1976), «Сын сапары» 
(1971), «Оңаша отау» (1982) сияқты 
қазақ әдебиет сынының туу және 
қалыптасу жағдайларына қатысты 
қомақтылығымен лайықты бағасын 
алды. 
Өзінің алғашқы ғылыми сапа-
рында тың да соны соқпаққа түскен 
ғалымның қайта құру кезеңінде, 
әсріесе, өтпелі дәуір тұсында 
азаматтық әуені айрықша естілуде. 
1988 жылы «Қағидаға айналған 
қателерді түзетейік» атты публици-
стикасы «Алаштың ақиқатын ашып 
айтайыққа» ұласып, 1992 жылы 
ұлттық намысқа шырақ жағатын 
«Санадағы жаралар» атты кітабы 
жарыққа шығып, ел-жұрттың ал-
ғы сын алды. Радио-теледидардан 
айт қан жалынды сөздерін, конфе-
рен циялардағы ащы да өткір ойла-
рын қалың көпшіліктің ынта сала 
тың дайтынын жоққа шығармау ке-
рек. Әсіресе, қазақ тілінің тағдыры 
жайындағы күрестің бел ортасында 
жүргені Т. Кәкішұлының ғалымдық 
келбетін саналы азаматтығы мен 
табандылығы ажарлай түскені айдан 
анық. Тарих – жақсы болсын, жаман 
болсын тарих, ол тек қана шындыққа 
сай бағалауы керек. Қазақ әдебиет-
тану ғылымының қалыптасу тари-
хын зерттеуде профессор Т. Кәкішев 
айтқандай: «Өнегенің үлгісін көріп 
тұрып, содан үйренбеуміз, шыр айна-
лып совет әдебиетінің шындығынан 
кандидаттық, докторлық диссерта-
ция қорғап, атақ алуымыз, 1917 жыл -
ға дейінгі былай қойғанда, соғыстан 
әріге бара алмайтын ғылыми мүсәпір-
лікті, «социалистік реализм туы 
астында» деген ұранмен шапқылай 
берушілігіміз қазақ әдебиеттану ғы-
лымының сорына шыққанын енді 
ашық айтайық» [90, 290]. Бұл – қа-
рапайым да ғажайып талант иесі Т. Кә-
кішевтің жүрекжарды пікірі. 
1990 жылы қазақ әдебиетінің та-
рихы мен сыны кафедрасы құрылды. 
Оны алғашқы күннен профес-
сор Т. Кәкішев басқарды. Азғана 
жыл ішінде сол кафедра жанынан 
«Қазақ фольклоры және әдебиет 
тарихы» ғылыми тобы құрылып, 
оның құрамды бір бөлігі – «Қазақ 
диаспорасының рухани әлемі» шет 
елдегі қазақтардың фольклорлық, 
этнографиялық, музыкалық, мате-
риал дық байлықтарын зерттей баста-
ды. Моңғолия мен Ирандағы қазақ 
диаспораларына барған экспедиция-
ларды өзі басқарып, «Моңғолия 
қазақтары» деген жинақты дүние-
жүзілік қазақ қауымдастығына ба-
сып шығаруға ұсынды. Т. Кәкішевтің 
саяхатшылығының да ғибраты тағы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


434


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет