«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Құндылықтар және оның мақсаты
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі туралы алғашқы көзқарастың болуы • Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну
Сабақтың кезені/ уақыт
Өтілу барысы
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал
«Сұрақ-жауап» айдары
-Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
-Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
-Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?
-Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:
адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу
• оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру
сол жайында өсек тарату
• оны елемеу немесе жекелету
• ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
• ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру
• қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Расисттік буллинг Біреудің нәсіліне, түсіне, нанымына байланысты басқаша көзқарас туындау. Сондай-ақ адамның нәсіліне қарай жағымсыз сөздер айту жатады.
Таптық буллинг Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.
Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.
Дінге қатысты буллинг Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету.
Мүгедектерге қатысты буллинг Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
презентация