Хх ғасырдағы әлем әдебиеттануындағы бағыттардың даму тарихы Орындағандар


Әдеби структурализмнің алғашқы ғылыми идеялары



бет3/6
Дата08.12.2022
өлшемі2,51 Mb.
#55908
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жаңа бағыттар

Әдеби структурализмнің алғашқы ғылыми идеялары.
  • В.Матезиус, Я.Мухаржовский, Р.Якобсон еңбектеріндегі структуралистік бағыттың көзқарастары.
  • Р.Барт, А.Греймас, Ж.Жаннет еңбектері.

Конструктивизм және деконструктивизм
Конструктивизм ғылыми-техникалық төңкерістер басында пайда болды да, техницизм идеясын идеалдандырып жіберді; ол машинаны және оның өнімдерін жеке тұлғадан жоғары бағалады. Тіпті конструктивизмнің дарынды және гуманистік шығармаларының өзінде техникалық прогресстің жаттандырушы факторлары қалыпты ретінде қабылданған. Конструктивизм технократизмге бағытталған.
Конструктивизм – техникалық прогресс пен «машина эстетикасының» туындауы.
Конструктивизм эстетикасы эстетика мен эстетизмді жоюды талап ететін тек кәдеге жарарлықты маңызды етіп алатын шектердің арасында дамыды. Кескіндеме және сәулет өнерінде конструтивизмнің шығармашылық ұстанымдары максималды түрде инженерияға жақындатылған және де математикалық есеп, көркемдік құралдардың шектелуі, композицияның сызбалығы тән болды.

Конструктивизм эстетикасы ешқандай қызмет атқармайтын сәнділікті қабылдамайды, тіпті қажет болған жағдайда суретшіні инженер-конструктормен алмастыруға дейін барады.
Деконструкция - мәтіннің нағыз мазмұнын, мағынасын ашу үшін мәтіннің құрылымын бұзу.
Деконструкция жобалау үлгісі ретінде ХХғ. 80 жылдары дәурендеген болатын. Философиялық қайнары 1967 жылғы Ж. Дерриданың (Jacque Derrida,1930——2004) тілдегі құрылымдарды сынау негізінде "Деконструкция" теориясын жасауымен байланысты. Оның идеясының негізі құрылым атаулыны жақтырмау, символ шындықты ашуға жеткілікті, әрбір жекені зерттеу бүтіндіктің құрылымын зерттеуден маңызды дегенге саяды. М.Хайдеггер бойынша батыс философиясы тарихы метафизика тарихы. Оның түпнұсқасы "болмыстың" "осындалығына" негізделген. 

Семиотикалық бағыт


Тіл ең алдымен коммуникациялық белгілердің жүйесі болғандықтан, тіл білімінің таңбалар ілімін зерттейтін семиотика ғылымымен байланысы тығызырақ.
Семиотикалық зерттеулердің алғашқы кеңейтілген бағдарламасы Ч. С. Пирстің еңбектерінде пайда болды (семиотика термині де бар).
Ч.У. Моррис семиотика идеяларын едәуір дамытып, оны синтактика, семантика және прагматикаға бөлуді енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет