Хх ғасырдың 50-60 жылдары басталған бұл даму осы ғылымдардың қалыптасуына жəне адамзат əрекетінің көптеген салаларына, яғни өндірістік кəсіпорынға, ғылыми зерттеулерге, білім беруге, əлеуметтік мəселелерге жəне т б


«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»



бет2/2
Дата15.09.2022
өлшемі21,77 Kb.
#39179
1   2
Байланысты:
Оқытуда жобалау әдістемесі

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді.
Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді.Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  • оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;

  • деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады . Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
БІЛІМ БЕРУДІҢ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; 8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бекітілсін.

4. Осы бұйрық:
1) 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 10-тармағының 6) тармақшасын және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-қосымшасындағы "Коммуникативтік-тілдік дағдылар" деген бөлімдегі реттік нөмірі 9-жолды;
2) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 20 және 22-тармақтарын;
3) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 1-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын және 4-тарауының 1-параграфын;
4) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 9-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 1-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын және 4-тарауының 1-параграфын;
5) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 10-сыныптар және 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 11-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 1-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын және 4-тарауының 1-параграфын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 19 және 21-тармақтары, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 2-параграфы, 3-тарауының 2-параграфы және 4-тарауының 2-параграфы, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 2-параграфы, 3-тарауының 2-параграфы және 4-тарауының 2-параграфы 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 2-параграфы, 3-тарауының 2-параграфы және 4-тарауының 2-параграфы 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет