Хх-ғасырдың қазақ зиялыларының қызметі



Дата04.03.2022
өлшемі59,99 Kb.
#27007
Байланысты:
Презентация (2)

ХХ-ғасырдың қазақ зиялыларының қызметі

Қазақ зиялыларының қалыптасуы:

  • XIX ғ-ң ІІ-жартысы – XX ғ-ң басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде орын алған құбылыстар қазақ қоғамының санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Бұл өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуын анықтады. Дәуірдің жаңалықтарын, еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдері, адамдардын шағын тобы меңгерді. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының да, аграрлық қозғалыстың да, өлкедегі азаттық күресінің дамуында ХІХ – ХХ ғасырлар шебінде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды.

Зиялылардың атқарған қызметтері:

  • 1) отаршылдық-әкімшілік өкілдері: дәрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар т.б., яғни үкіметті жақтған империялық позициядағылар. Олар дворяндардан, қоғамның төменгі топтарының әртекті ортасынан шыққандар еді;
  • 2) социал-революционерлер, социал-демократтар, революцияшыл элементтер, саяси айдауда жүргендер; олар еңбекшілердің бой көрсетулеріне белсене қатысты. Жергілікті зиялылардың негізінен төменгі топтардан шыққандары социалистік идеяларды ұстанды.

3) либерал-демократтар (кадеттер, октябристер т.б.) және ХХ ғ. басында «Алаш» қозғалысының өкілдері болған либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар.

Ұлт зиялылары:

  • Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, М.Тынышбаев, Ә.Ермеков т.б. Қазақ зиялылардың ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірді, бұл үшін Бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік, саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетті.

Қазақтардың осы жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес сипатында да бой көрсетті. XX ғасырдың басында ислам дінінің, түркі әлемінің ықпалы мен дәрежесін көтеріп, сонымен бірге Еуропадағы білім мен тұрмыстың жақсы жақтарын да өз елінде енгізгісі келген қоғамдық-саяси және діни қозғалыс жәдиттік қозғалысөкілдерінің белсенділігі артты. Мұсылман дінбасылары мен татар буржуазиясының ықпалы күшті болған Семей, Петропавл, Ақмола, Верный және басқа қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейді.

  • Қазақтардың осы жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес сипатында да бой көрсетті. XX ғасырдың басында ислам дінінің, түркі әлемінің ықпалы мен дәрежесін көтеріп, сонымен бірге Еуропадағы білім мен тұрмыстың жақсы жақтарын да өз елінде енгізгісі келген қоғамдық-саяси және діни қозғалыс жәдиттік қозғалысөкілдерінің белсенділігі артты. Мұсылман дінбасылары мен татар буржуазиясының ықпалы күшті болған Семей, Петропавл, Ақмола, Верный және басқа қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет