Хх ғасырдың екінші жартысындағЫ Қазақстандағы кеңестік реформалардың Қайшылықтары мен салдары



бет5/18
Дата12.06.2023
өлшемі246 Kb.
#100743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ МЕН САЛДАРЫ

Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.

  • Дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеп кетті. Тіпті ауа райы қолайлы болған жылдардың өзінде республика небәрі 100-150 млн. пұт (шамамен 1,6-2,4 млн тонна) ғана тауарлы астық өндірді. Ал республикада, әсіресе, оның солтүстік және солтүстік-батыс облыстарында пайдаланылмай келген, егіске жарамды ұлан-ғайыр құнарлы жерлер бос жатты.
  • Қазақстан ауыл шаруашылығының мұндай жағдайы осы аса маңызды сала бойынша бүкіл елдегі істің жағдайын бейнеледі. Бұл жөнінде КОКП Орталық Комитетiнің 1953 жылғы қыркүйекте өткен пленумында барынша айқын айтылды. Ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық шаралар белгіленді. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары - ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылыры өнімдерін өндіруді арттыруға материалдық ынталылығы принципін қалпына келтіру, колхоздарды, МТС-тер мен совхоздарды ауыл шаруашылығының білікті маман, механизатор кадрлармен нығайту, барлық ауыл шаруашылық процестерін механикаландыру дәрежесін көтеру, ауыл шаруашылығына жұмсалатын күрделі қаржыны көбейту, ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлауда колхоздар мен совхоздардың құқықтары мен ынта-ықыласын арттыру. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау және оны сатып алу бағалары қайта қаралып, едәуір көтерілді.

Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе бұрынғы ауыл шаруашылық қызметкерлері, әр түрлі себептермен өнеркәсіпке, транспортқа, құрылысқа жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді.

  • Осы тұста көптеген қала тұрғындары, әсіресе бұрынғы ауыл шаруашылық қызметкерлері, әр түрлі себептермен өнеркәсіпке, транспортқа, құрылысқа жұмысқа ауысқан мамандар мен механизаторлар селоға оралуға тілек білдірді.
  • 1953 жылдың аяғында өнеркәсіп пен халық шаруашылығының басқа да салаларынан 2536 механизатор-тракторшылар мен комбайншылар, 4905 маман-агрономдар, инженерлер, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар республиканың МТС-тері мен МЖС-теріне жүмысқа ауысты. Сонымен бірге РСФСР-ден Қазақстанға бірнеше жүздеген инженерлер мен техниктер келді. Өнеркәсіп орындарының үжымдары ауыл шаруашылық техникасын шығаруды ұлғайтты. 1953 жылдың аяғында республиканың 1096 кәсіпорыны мен мекемесі 928 колхозды, 185 МТС пен МЖС-ті қамқорлыққа алды.
  • 1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет