Хх ғасырдың екінші жартысындағЫ Қазақстандағы кеңестік реформалардың Қайшылықтары мен салдары


Соғыстан кейінгі кезеңдегі саяси өмір



бет3/18
Дата12.06.2023
өлшемі246 Kb.
#100743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2. Соғыстан кейінгі кезеңдегі саяси өмір.

  • Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә. Нүрпейісовтың "Курляндиясы"сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолындағы күресте көрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С. Мүқановтың "Сырдария", Ғ. Мұстафиннің "Миллионер", Р. Слановтың "Кең өріс" сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.
  • Осы жылдарда М. Әуезовтің "Абай жолы", С. Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов" сияқты көптеген тарихи шығармалар жарық көрді. "Абай" қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.
  • Музыка мәдениеті өрлеу жолына шықты. М. Төлебаевтің "Біржан-Сара", А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай", Е. Брусиловскийдің "Дудар-ай", Қ. Қожамияровтың ұйғыр тіліндегі "Назугум"опералары сол жылдарда дүниеге келді. "Біржан-Сара" операсына КСРО мемелекеттік сыйлығы берілді.

Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің "Звезда" және "Ленинград" журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгi партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті.

  • Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің "Звезда" және "Ленинград" журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де өз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда өткен пленумы төменгi партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен өрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындауды талап етті.
  • Бұл кезде Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет