Хх ғасырдың екінші жартысындағЫ Қазақстандағы кеңестік реформалардың Қайшылықтары мен салдары



бет4/18
Дата12.06.2023
өлшемі246 Kb.
#100743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ МЕН САЛДАРЫ

Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.

  • Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.
  • 40 жылдардың аяғы-50 жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды.
  • Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

Соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл шаруашылығының артта қалу себептері және тың және тыңайған жерлердің игерілуі.

  • Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы, әсіресе, өнеркәсіп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшілері бесінші бес жылдықта (1951-1955 жж.) өнеркәсіпті дамытуда едәуір табыстарға қол жеткізді. Ос жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмір, химия, машина жасау салалары дамыды. Түсті металлургия республика экономикасының жетекші саласына айналды. Елдегі ең ірі құрылыстардың бірі Қарағанды металлургиялық заводы (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды.
  • 50-ші жылдардың басында бүкіл ел бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың дәрежесі біршама төмендеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау бағасының арзан болуы өнімді көп өндіруге ынталандырмады, колхоздардың шығынын әрдайым өтей бермеді. Ауыл шаруашылык өнідірісінің артта қалуының бір себебі партия органдарының басшылығындағы елеулі кемшіліктердің салдары еді. Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері жете пайдаланылмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет