Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты



бет12/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#122222
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1273728.pptx (1)

1985ж.

  • 1985 жылы сәуірде КОКП Орталық Комитетінің пленумында экономикалық өсу қарқынының әлсіреуін тоқтату және осы бағытқа негізгі күш-жігерді шоғырландыру есебінен әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Жеделдетудің негізгі тетіктері - ғылыми-техникалық жағынан алға ілгерілеу, машина жасауды техникалық жағынан қайта жарақтандыру және адам ролін күшейту болды. Аталған бағыт КОКП Орталық Комитетінің XXVII съезінде (1986 ж. ақпан) үлкен қолдау тапты.
  • Алайда, қайта құру қайшылықты сипатқа ие болды. Аталған тұстағы мамандарды өзгерту үлкен өзгерістер әкелмеді. Адамдардың жеке өміріне қол сұғу жиі кездесіп отырды. КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылы шыққан «маскүнемдікті жеңу шаралары туралы» қаулысы үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Аталған қаулыны жүзеге асыру мақсатында партия комитеттерінің нұсқауы бойынша бүкіл жүзімдіктер кесілді. Дүкендерде алкоголь үшін үлкен кезектер пайда болды. Биліктің ойластырылмаған шаралары нашақорлықтың өсуі, ұрлықтың артуы, «көлеңкелі» экономика, үйден арақ қайнатып жасау, маскүнемдік сияқты құбылыстардың күшеюіне әкелді.
  • 1986 жылғы желтоқсандағы Алматы және республиканың басқа қалаларындағы оқиғалар және олардың нақты себептері. 1986 ж. ақпан-наурыз айларында Қазақстан Компартиясының XVI съезі өтті. Съезд республиканы дүр сілкіндірген әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептерін терең талдай алмады. КОКП басшылығы қайта құруды баянды ете алмады, көптеген жолсыздықтар мен заңсыздықтарға жол берді. 1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде республикада қоғамдық-саяси даму бағыттарын қозғаған реформалар болған жоқ. Бұл жағдай Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен – бір күнде ауыстыра салу әрекетіне итермеледі. 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында республика басшылығын ауыстыру мәселесі қаралып, КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбин тағайындалды (1986-1989).
  • Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нəтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына əкеп тіреді. Қоғамдық-әлеуметтік, мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселесінің шиеленісуі жастарды ашық қимылға еріксіз алып келді. Басшылықтың ауыстырылуы жаппай наразылықтың шығуына түрткі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет