Хх ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары мен салдарлары. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты


«Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері



бет16/17
Дата04.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#122222
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1273728.pptx (1)

«Қайта құру» мен «жариялылықтың» ел экономикасына әсері.

  • 1986 ж. желтоқсан - 1989 ж. маусым аралығында Қазақстан коммунистік партиясы ОК-н Г.В.Колбин басқарды. Аталған кезеңде республикада 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардан кейінгі ауыр зардаптарды жоб шаралары жүргізілді. 1989 жылы ел билігіне Н.Ә.Назарбаев келді. 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Қазақ КСР-нің «Тіл туралы» Заңы 1990 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Аталған заңнамалық актінің 1-бабы бойынша қазақ тілі Қазақстанның мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болса, 2-бап бойынша Қазақ КСР-де орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып бекітілді. 1990 жылы 25 наурызда өткізілген Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII-ші сайлауында Қазақстанның басқарушы Коммунистік партиясы 360 орынның 342-сін алды, қалған 18 орын партиялық емес кандидаттарға берілді. 1990 жылдың 25 қазанында XII шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация» қабылданды. Ол Қазақстанның шынайы тәуелсіздікке қадам басуының құқықтық негізін қалады. 1990-1991 жылдар аралығында Қазақстан КСРО республикалары арасында экономикалық тұрғыдағы заңдарды қабылдауда көш бастады. Парламент «Меншік туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі қағидаттары туралы», «Қазақ КСР-дегі еркін экономикалық аймақтар туралы», «Қазақ КСР-ндағы шетелдік инвестициялар туралы» заңдар қабылдады.

1991-1993ж. 1993-1995ж.

  • Бұл заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қатынастарды дамытудың негізін қалады. 1990 жылы «Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасы» қабылданды, ол нарыққа көшудің басты шарты ретінде мемлекеттік меншікті жекешелендіруді көздеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру екі кезеңде жүргізілуі керек болды. Оның біріншісі: 1991-1993 жж. – купондық тетік және әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандар арқылы мемлекеттік тұрғын үйді жеке меншікке беруді көздейтін «шағын жекешелендіру». Екінші кезең: 1993-1995 жж. – «үлкен жекешелендіру», яғни қалған мемлекеттік мүлікті азаматтардың жеке меншігіне беру. Әлеуметтік және рухани салаларда адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған «Азаматтық туралы», «қоғамдық бірлестіктер туралы», «бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Діни сенім бостандығы туралы» заңдар қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет