Ххі ғасыр ақпарат пен жаңа технологиялар ғасыры. Бүгінде интернет ақпаратты, жаңалықтарды, компания және фирма қызметін, сонымен қоса қызықты ойын-сауықтарды және т б. іздеуге мүмкіндік беретін құрал



бет6/17
Дата17.12.2022
өлшемі2,37 Mb.
#57814
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Техника сату

1.5 Желілік операциялық жүйелер

Windows ХР Professional операциялық жүйесi оpтақ пайдалануға арналған дepeктepдi кез келген компьютердi пайдалануына толык мүмкiндiк бередi. Мұндай басқаруды - жүйелiк саясат немесе жүйелiк ереже деп те атайды. Жергiлiктi желiдегi жұмыстарды басқаруға жауапты және жүйелiк саясатты реттейтiн маманды - жүйе басқарушысы немесе жүйелiк әкiм (администраторы) деп атайды.


Жергiлiктi желi топологиясы жергiлiктi желiдегi компьютерлердiң бiр-бiрiмен геометриялык байланысу тәсiлi топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бiрнеше түpi бар:
-ең қарапайым топология түpi - шина. Мұндай желiде барлық компьютерлер тiзбектi түрде бiр кабельге жалғанады;
-сaқинa топологиясы деп аталатын желi байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрiндегi кабельге жалғанады;
-файлдық серверлерге негiзделген желiде компьютерлер бiр­-бiрiмен жұлдыз схемасы түpiндe жалғанады.
Құрылғандардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желi топологиясын мекеме­нiң қажетiне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке cepвepiн байлaныстыратын бүкiл мекемеге ортақ бiр сервер берiлiп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбiнесе осы топологияны пайдалaнған тиiмдi.
Жергiлiктi желi атқаратын қызметі мекемеде Windows 9х, Windows 2000 Profesional және Windows NT Workstation операциялық жүйелерi орнатылған бiрнеше компьютер болса, оларды жергiлiктi желiге қоскан орынды.
Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:
-ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекпен жұмыс істеуі;
-бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;
-электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;
-желілік принтерлерді бірлесіп пайдалау;
-интернетке қосылу мүмкіндіктері.
Ақпараттың резервтік көшірмесін алу және орталықтандырылған қорғау. Бiр рангiлi желi құру үшiн жоғарыда aйтылған операциялық жүйелерi бар стандартты программалық жене желiлiк жабдықтар (кабельдер, желiлiк адаптерлер) қажет. Тек MS- DOS операциялық жүйесiнде жұмыс iстейтiн компьютерлердi Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейiн желiге қосуға болады.
Бiр-бiрiне жақын орналасқан бiр рангiлi желiге қосылған бiрнеше компьютер жұмыс топтарына бiрiктiрiледi. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің құрылымын ескеру қажет, мыcалы, бухгалтерия бөлiмi компьютерлерiн «Бухгалтерия тобына» т.с.с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы (клиент) қызметiн атқара алады. Жұмыс тобының мүшелерi өз компьютерлерiне қосылған ресурстарды өздiгiмен ортақтаса пайдалануға бередi. Жұмыс тобына арналған тіркеу жұмыстары жүргiзiлмейдi, себебi мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерлердi орталықандыpлған басқару атқарылмайды. Windows ХР Professional операциялық жүйесi басқаруымен жұмыс iстейтiн әрбiр компьютер өзiнiң қорғану саясатын және жеке тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.
Желiдегi компьютерлер санының артуына (10 apтық) қарай мәлiметтердi тасымалдау қиындaй түceдi. Мұндай жағдайда cepвepi бар желi құрып, компьютерге ресурстар мен тұтьшушыларды орталықтан басқару мүмкiндiгiн беретiн қуатты Windows 2003 Server операциялық жүйесiн орнатқан абзал.
Ортақ деректер базасының каталогi, желiлiк ресурстар мен бiрыңғай қорғаныс саясатын бөлiсудiң орталықтандыpылған тәсiлi бар компьютерлер тобының домен атауы болады.
Әрбiр дoмeнгe жеке ат берiледi. Доменнің деректер базасы каталогi домен бaқылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбiр доменде тек бiр ғана негiзгi бaқылаушысы болады. Mүмкiндiгiншe бiр немесе бiрнеше резервтiк домен бақылаушы болғаны дұрыс.
Windows ХР Professional операциялық жүйесi әр түрлi қызмет көpceтeтін бiр пайдаланушығa арналған станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Компьтер желiге қосылғаннан кейiн бiрiншi рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) cepвepiн іздейді. ­Мұндай типтегi серверлер компьютерлерге желiде бiрiн-бірі табу үшiн адрес меншiктейдi. Егер желiде DHCP cepвepi ­онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан компьютерлердi анықтай алатын режiмге ауысады. Windows ХР Professional операциялық жүйесi орнатылған компьютерлер кейiнiрек қосылса, олар автоматты түрде жұмыс тобына кіреді. Мұндай механизмдi IР-адрестеу (Automatic IP-addressiing) деп атайды.
Windows ХР Professional операциялық жүйесi aқпарат тасымалдау жылдамдығы жоғары желiмен жұмыс істeyгe мүмкіндік бередi. Транспорттық хаттаманы таңдау желi топологиясына байланысты. Мicrosoft фирмасы мекеме iшiнде желiмен жұмыс істеу үшiн TCP/IP хаттамасын қолдануды ұсынады. NetWare бар жергiлiктi жeлiлерде пакеттердi желi белiктерi және тор арасында маршрутизациялау мүмкiндiгiн беретiн IPX/SPX (Internet Packet Exchange Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады. Мicrosoft фирмасының 3Соm компаниясымен бірігіп құрғaн Point-to-Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы: арқылы ceнiмдi байланыc құpy мүмкiндiгiн бередi. Мекеме aқпаратты жоғалтып алмау мақсатында ayқымды инфрақұрылымды құру қажеттiлiгiнен құтылады. Жуырда корпорация осы хаттаманың бірқатар кеңейтүлерiн шығарды.
Windows ХР - корпоративтiк жеке меншiк ұйымдастыpуға арналған бірқaтар жаңа хаттамаларды қамтамасыз етедi: L2TP (Layer 2 Tunneling Protocol - екiншi деңгейлі туннельдiк хаттама), IPSec (Internet Protocol Security –Интернеттегі қayiпсiздiк хаттамасы) жане EAP(Extensible Authentication Protocol - аутентификацияны кеңейту хаттамасы).
Active Dirесtoгу - үлкен жергiлiктi желi әкімнің (администратор) жұмысын жеңiлдетедi, пайдаланушының бар eкeнiн (аутентификация) құрылғылары және ресурстарға қатынасты басқару есебiнен ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Active Directory - ақырғы пайдаланушының дербес iздеу, қажеттi аппараттық ресурспен және желiге бiр рет қосылу процесi шеңбе­piндe қосымшалармен қатынас құруын жеңiлдетедi. Ол қосымша­лар мен жүйенiң аппараттық бөлiмiндегi конфигурацияларда қолданылатын жұмыс үстелiнiң баптау параметрлерi жөнiнде деректердi сақтайды. Осылай пайдаланушылар айқындылығын, түci, қағаз пiшiмi, екiжақты баспаға шығару мүмкiндiгi сияқты белгiлi бiр қасиеттерi бойынша принтерлердi iздей алады. Мысалы, PowerPoint программасында дайындалған көп беттен тұратын таныстыру кiтапшасын баспаға шығару қажет болса, активтi каталог желiге қосылған жылдам басатын түрлi түcтi принтердi iздеу мүмкiндiгiн бередi. Iздеудi жылдамдату үшiн Active Directory­де әрбiр объектiнiң бiрқатар атрибуттары кipeтiн ауқымды каталог (Global Catalog) к.олданылады. Желi әкiмi (администратор) ауқымды каталогке сақтау үшiн өз атрибуттарын бере алады. Атрибуттардың типтерi iздеудi жеделдету мақсатында индекстеледi. Ауқымды каталогпен қатынас құру мүмкiндiгi шектеулi кезде, әкім доменi тобына кiрмейтiн пайдаланушылар желiге тiркеле алмайды.
Қала, облыс, ел iшiнде орналасқан желiлер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бiр ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корnоративтiк деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң желiсi - Banknet, негiзгi банктiң компьютерлерiн оның барлық филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi.
Одан үлкен көлемдегi, бүкiлелдерге, құрлықтарға тapaғaн желiлер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкiндiктерi бар.
Компьютерлердi желiге олардың ресурстарын бiрлесiп пайдалану үшiн және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.
Компьютердіңресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлiнедi. Ақnараттық  ресурстарға программалар және деректер , ал техникалықтарға - nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кiредi. Олар программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен ғанa қол жеткiзуге болатын ресурстар жергiлiктi деп аталады. Желiнiң басқа компьютерлерiне де ашық компьютер ресурстары оpтақ немесе желiлiк деп аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл - жергiлiктi ресурсты ортақ етуге болады және, керiciнше, ортақресурсқа жергiлiктi мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.
Мекеме aқпаратты жоғалтып алмау мақсатында ayқымды инфрақұрылымды құру қажеттiлiгiнен құтылады. Жуырда корпорация осы хаттаманың бірқатар кеңейтулерiн шығарды.
Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет