Ақпараттық-коммуникациялық технология типтерінің жеделдетіп дамуына және программалық құралдардың мүмкіндігінің жоғарылауына байланысты қашықтықтан оқыту арқылы өз біліміңді жетілдіру бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Сондықтан біз өз жұмысымызда программалық құралдың мүмкіндігін пайдалана отырып, желілік оқу материалдарын жасақтаудың технологиясын қарастырып отырмыз.
Қазіргі таңда дүниежүзілік компьютерлік интернет желісі - ғасырдың 90-жылдары компьютердің дамуына Internet және World Wide Web жүйелері үлкен әсерін тигізгені барлығымызға мәлім. Қазіргі кезде осы бағытта да компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Оперативті ақпаратты алудағы негізгі құрылғының бірі болуда. Internet желiсi- Бүкiләлемдiк тор-WWW [World Wibe Web]. Берiлген тор құжатттардың өзара бiр-бiрiмен байланысы ретiнде берiледi.
Сондықтан бүгінгі таңда интернет технологиясының қарқынды дамуына байланысты бағдарламалау тілдерінің де өз даму бағыты қалыптасуда.
Соның ішінде РНР тілінің артықшылығы оның кең қолданыс алып отырғанынан байқауға болады.
PHP (ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor- «PHP: еренмәтінді алдын-ала үдірістегіш») - Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті программалау тілі. Қазіргі күндерде хостинг қызметін ұсынатындардың көпшілігімен қолданады. LAMP веб-торап жасауға арналған стандартты жинақталымына енеді. Тілдің оңайлығы, орындалу жылдамдығы, функциялық байлығы және PHP негізіндеге әуелгі кодтардың кеңге таралуының арқасында PHP тілі Торда программалау саласында ең белгілі тілдердің бірі боп есептелінеді.
Бұл тілдің айрықшылығы ядро мен соған қосылатын модульдарында. Соңғылары дерекқор, сокет, динамикалық графика, криптографиялық кітапханалар, PDF форматты құжаттармен және т.б. жұмыс істеуге арналған. Бұндай модульды қалаған адам дамытып қоса алады. Модульдардың саны бір неше жүз болғанымен, стандарттық жабдықтауға тек жақсы нәтиже көрсеткен бір неше оны ғана кіреді. PHP интерпретаторы веб-серверге не арнайы сол сервер үшін жасалған модуль арқылы (мысалы, Apache әлде IIS), не CGI-қосымшасы ретінде қосылады.
Бұған қоса, UNIX, Linux, Windows және Max OS X амалдық жүйелерінде әкімшілік тапсырыстарын атқаруға пайдаланылуы мүмкін. Бірақ PHP тілі бұл салада кең өріс алмаған, бұған қарағанда Perl, Python және VBScript тілдері айтарлықтай нәтиже көрсетіп отыр.
Тілдің синтаксисі Си тәріздес. Ассоциаттивтік массивтар мен foreach циклі секілді кейбір элементтері Perl тілінен алынған.
Қазіргі заманда PHP жүздеген мың дамытушылармен пайдалануда. Интернет желісі сайттарының 5-тен бірі осы тілде жазылған.
РНР-бұл Web - серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі.
Web бет РНР және HTML-дің көмегімен ашылады. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код қосылған РНР операторларын орындайды және нәтижені пайдаланушының браузеріне жібереді. Бұл әрекет дәл осылай ASP және Cold Fusion-ның көмегімен жасалады. Дегенмен ASP және Cold Fusionға қарағанда, РНР ашық бастапқы кодты өнім болып табылады және платформалы тәуелсіз. РНР Windows NT және Unix-тің көптеген версияларында жұмыс жасайды. Ол Аpache - дегі модуль ретінде жіберіле береді. Егер жіберілу Apache модулі түрінде болса РНР оңай және жылдам жұмыс жасайды. Бұл кезде процессті жасауға байланысты туындайтын қосымша шығындар болмайды. Сондықтан нәтижесі тез шығады және сервердегі сақтаудағы шығынды азайтатын mod _perl-ді орнатудың қажеттілігі болмайды.
РНР көмегімен құжат бетінің мазмұнынан басқа НТТР-тақырыптарды қалыптастырып HTTP орнатуға, сонымен қатар аутенфификацияны басқарып пайдаланушыны басқа бетке бағыттауға мүмкіндіктер бар.
РНР-кодының блогы тегімен аяқталады. РНР кодын кез-келген қарапайым мәтіндік редакторларың көмегімен жазуға болады.
РНР-бұл Web –серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық генерациясына қажетті бағдарламалау тілі.
РНР тілінің берілгені серверде жеке файл түрінде орындалуы мүмкін, ал кейде html беттерінде интегралдануы мүмкін. РНР тілі html құжаттарын ғана емес, оларды қайта өңдеуге, сонымен қатар әртүрлі форматтағы
JPEG, GIF, PNG, PDF және FLASH файлдарын.
РНР тілі кез келген мәтіндік форматтағы мәліметтерді форматтай алады. XHTML және XML қосқанда. PHP - кроссплатформендік технологиясы. РНР тілінің дистрибутиві көптеген операциялық жүйелерге қолайлы, онда Linux ОЖ қосқанда, Unix, Microsoft Windows, Mac OS және тағы басқа да модификацияларында жұмыс жасайды. Apache, Microsoft Internet Information Server (IIS), Microsoft Personal Web Server және тағы басқа көптеген вебсерверлер РНР қолдайды (1.1-сурет).
Web-сервердің қызметі:
html- құжаттарына сұраным жасау
Динамикалық WEB- құжаттарды құру
Сұранымды өңдеу
Сұранымға жауап беру
Берілгендер қорымен байланыс орнату
Сурет 1.1. Web-сервер жұмысы
РНР көптеген серверлеріне екі нұсқасы қойылған: модуль сапасы және CGI препроцесссор сапасы. MySQL, MSQL, Oracle, PostgreSQL, SQLite және тағы басқа көптеген мәліметтер қорларымен және ODBC жұмысын РНР қолдап отырады.
РНР тілінде бағдарлаалаудың тағы бір атықшылығы – MYSQL берілгедер қорымен қарапайым қатынас орнату жағдайы. MySQL – 1995 жылы David Axmark пен Michael Monty Widenius алғаш жасап шыққан.
MySQL – бұл көппатокты серверлі берілгендер қоры. MySQL бұл қолдануға өте тиімді және үлкен жылдамдықта жұиыс істей алады. MySQL ANSII 92 стандартындағы SQL (Strutured Query Language) тілінде сұраныс құра алады [10].
SQL – төмендегідей қызмет атқарады:
деректерді іздеу;
кесте мәліметтерін енгізу, өзгерту, өшіру;
деректерді құру, өзгерту, өшіру;
мәліметтерді сақтау;
мәліметтер қорын басқару
MySQL - дің қысқаша мүмкіндіктері:
бір уақытта берлігендер қорымен жұмыс істеушілерге шексіз мүмкіндік береді;
таблицадағы қатарлар саны 50 млн. жетуі мүмкін;
MySQL командалардың орындалу барысында северлердің ішіндегі ең жылдамы;
қауіпсіздігі қарапайым және әсерлі жүйе.
Кестедегі ең қиын сұраныстар құруға болады. Мысалы SELECT * FROM table1 WHERE id IN (SELECT id FROMtable2).
Сонымен, қорыта айтқанда, қазіргі интернет желісіне арналған қосымшаларды құруда кең қолданыс тауып отырған РНР Wев - серверлік бағдарламалау тілі төмендегідей қасиеттерімен ерекшеленеді:
құрылымының дәстүрлігі;
код қарапайымдлығы;
тиімділігі;
қауіпсіздігі;
бейімділігі;
тегін таратылуы, әрі кодының ашықтығы.
Web-сервер технологиясы төмендегі жасақтамаларды қамтиды:
Web-сервер Apache
МҚБЖ MySQL
web-программалау тілдері PHP, Perl, Java
Клиент бөлігін жетілдіру құралдары JavaScript, Flash-технологиясы
Интернет браузерлері WEB – технологиясын оқыту студенттерге программалаудың жаңа бағытының ерекшеліктері мен қасиеттерін, соның ішінде WEB – программалаудың, яғни қазіргі заманғы WEB – қосымшаларының аспаптық құралдары мен технологияларын өңдеуді үйретуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |