18 ғасыр сауда ғасыры болды. 18 ғасырдың бірінші жартысында ішкі нарыққа бағытталған мануфактураларға қарағанда сыртқы сауда қарқынды дамыды. Саудадағы капиталдың шоғырлануы өнеркәсіптегі шоғырланудан асып түсті. Азиямен сауда пассивті тепе-теңдікке дейін төмендеді. Онда шығыс тауарлары басым болды. 18 ғасырда Англия Америкадағы өз иелігін өндірістік тауарлардың кең нарығына айналдыра алды. Лондон сыртқы сауда үшін Еуропаның негізгі жүк тиеу нүктесі болды. 18 ғасырдағы Франция Англияның коммерциялық бәсекелесі болып қала берді. Сауданың ең табысты салаларын ірі порт қалаларының көпестері басып алды
Жаңа заман мәдениеті
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.Олар :рационализм,антропоцентризм,сциентизм,еуроцентризм және т.б. болды.Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі,Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресіҰлы Француз революциясы ерекше ықпал етті.Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Жаңа заман мәдениеті
XIX ғасырлардың 50 жылдарында Еуропа өнері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс («құлдырау» деген мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бұл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге байла¬нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла бастады. Мұндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын «эстетизмінде», «өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты. «Капитализмнің қарқынды дамуы мен ғылым мен техника саласындағы орасан зор жетістіктер жағдайында рухани мәдениет саласында декаданс құбылысының туындауын қалай түсіндіруге болады және XIX—XX ғасырлар аралығында мәдениет дағдарысы болды деп толық сеніммен айта аламыз ба?» — деген орынды сұрақтар туындайды. Бұл сүрақтарға нақты жауап беру үшін сол кезеңдегі қалыптасқан тарихи жағдайларға қысқаша көз салайық. XIX ғасыр аяғы буржуазиялық революциялардың аяқталып, капитализм тарихында алғаш рет бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған заман болды. Бұл уақытта өнеркәсіп төңкерісі де аяқталған болатын.