155. Ақылбай Абайұлының «Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің романтикалық әуенмен тартысты оқиғалар үстінде жырлануы. 156. «Дағыстан» поэмасындағы образдар жүйесі, тілі, стилі. 157. «Зұлыс», Ақылбайдың роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы. Ақылбай ақын «Зұлыс» атты үлкен поэмасын 1900-жылдары жазған. Зұлыстар туралы поэманы әуелде Мағауия жазбақ болып жүреді екен. Кейіннен Мағауияның денсаулығы нашар болуы себепті жазбақ поэмасының ойлаған оқиғасын ағасына айтып беріп, «Зұлысты» Ақылбай жазып шығады.
Зұлыс» – ағылшын жазушысы Хаггардтың «Сүлеймен патшаның кеніші» романының өлеңмен жасалған еркін аудармасы болып табылады» дедi Мағауин. Мағауин «Зұлысты» еркін аударма дегенмен, екі шығарманың жазылу ерекшелігі әртүрлі. Ақылбай «Зұлысты» үшінші жақтан жазған. Ал Хаггард романын бірін-ші жақтан, яғни Аллан Куатермэннің аузымен баяндайды. Оның үстіне Ақылбайдың ақындық суреткерлігі осы поэмадан анық аңғарылып тұр. Табиғатың әсем көріністері арқылы поэманың сюжеттік желісін жетілдіріп отырған. Аударма емес, көркем шығарма секілді әсер береді. Әрине, Ақылбай әкесі әрі ұстазы Абайдың тәсілін пайдаланған. Тіпті өлеңнің тіркестеріне шейін Абай өлеңдеріне ұқсап кетіп жатады. Былайша айтқанда, Ақылбайдың суреттеуінен Абай-дың лирикасын сезінсің. Ақылбай поэмасын толық жазып шыққан соң қолжазбасы қолдан-қолға тарап кетеді. «Зұлыс» – Ақылбайдың аса қою оқиғалы роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы еді. Сол ұзақтық себебінен алғаш жазылып шыққан жылында ұқыпты көшірушінің қолына кездеспеген. Жас оқушы Ақылбай қасындағы жігіттер ақынның қолжазбасын біреуінен-біреуі ауыстырып, қыдыртып жүріп, көшіріп алуға еңбек етпеген. Қарындашпен жазылған жалғыз қолжазбасын Ақылбай өзі де қайтадан көшіруге үлгермей қалады. Бұл поэма оның өзі қайтыс болардың алдында, соңғы жылдарында ғана жазылса керек. Ол кезде інісі Мағаштың қатты науқасы, оның қаза болуы және әкесі Абайдың қайтыс болуы – барлығы қат-қабаттап, Ақылбай өз поэмасын тарата алмай кетеді. Жалғыз қолжазбаның өзі де кейін 1918 жылы өртеніп, өкінішті түрде із-түзсіз жоқ болады.