162. Шәнгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847 - 1920) өмірі мен ақындық – жазушылық шығармашылық қалыптасу жолы. Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.
Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшілік-төрешіл биліктің зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан дворян атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де, еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиқтері сияқты тұрақ жай тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт салғызып; туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп, егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді.
Шәңгерей ашқан мектепте білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай бала оқытқан, білімді әрі талапты мұғалімнің бірі көрнекті ақын Ғұмар Қараш (1876-1921) еді. Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып тұрады. Шәңгерей оның ой-өрісінің кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына ерекше ықпал етеді.
онымен қатар Шәңгерейдің ақындығын, тілге шешендігін, сөз асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген. Бұл толғауы ақынның 1914 жылы Уфада шыққан «Аға тұлпар» жинағында жарияланған.
Осыдан бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау өмір сүріп, аңшылықпен айналысты, жақсы ат, қыран құс, құмай тазы ұстаған. Құс салып, ит жүгіртіп, саятшылық өнерін қызықтаған.
Шәңгерейдің ерекше көңіл аударған бір ісі – әдебиет, өнер, ғылым болады. Ол орыстың классик жазушыларының шығармаларымен танысады. Лермонтовты, Гогольді сүйіп оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне, сән-салтанатқа ерекше көңіл қойған ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші сияқты өнерпаздарды өзіне жақын тартып, олардың өнерін тамашалайды. Ол қадір тұтқан өнер адамдарының бірі – орыс суретшісі Мальцев деген досы. Оған шеберхана да салып берген. Орыстың Фет, Тютчев сынды ақындарының да өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің бай кітапханасы болған. Ғылыми әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс тіліндегі газет-журналдарды алдырып оқыған. ХХ ғасырдың басында қазақ, татар тілінде басылған ақындардың кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби өмірдің беталысынан үнемі хабардар болып отырған.
1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұымдастырумен Оралда «Қазақстан» газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді.
Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де дерек бар. «Қара мұрт» атты роман, «Сұрау-жауап» деген көлемді әңгіме жазса керек, бірақ ол туындылары сақталмаған. Ол 1917 жылы шамасында Көлборсыдағы қонысын тастап, аталас төре тұқымдары мекендеген Ақбақай деген жерге (Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп келеді. Қоныс аудару себебі де мәлімсіз. Бізге белгілісі – өмірінің соңғы кезінде ел ішінде даулы, талас-тартысты мәселелерге көп араласпай, оқшау өмір сүрген.
Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз өлеңдері «Шайыр» (1910) және «Көкселдір» (1912) деген жинақтарда жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ. Қараш еді. Кеңес дәірінде Қызылорда қаласында ақын өлеңдерінің жинағы (1933) басылды.
163. Ш.С. Бөкеевтың өлеңдері («Өмірдің өтуі», «Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Жалғаншы жарық дүние» т.б.). 164. Шәңгерей шығармашылығының әлемдік әдеби дамуға байланысты жақтары (романтизм, символизм мәселелері).