Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Б.Оңдасұлының халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары («Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін» т.б.)



бет27/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

44.
45. Б.Оңдасұлының халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары («Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін» т.б.).
Базар жырау шығармалары толғаудың жанрлық мүмкіншілігін жетілдіре түсті. Көркем шығарманың өзі өмір сүріп отырған дәуірдің ділгір мәселелерін көтеруін, уақытпен үндесуін, реалистік сипатының артуын жолға қойды. Кез келген өнер туындысының бойынан адам бейнесі, оның жан-жақты жасалуы, сомдалуы неғұрлым айқын көрінсе, бұндай ерекшелік әдебиеттің соғұрлым нәтижелі даму жолына түскенін, есейіп келе жатқанын дәлелдей түседі. Демек, поэзиямыз­дың тарихындағы барынша жетілген, өмір құбылыстарының философиялық мәні мен маңызын, адам өмірінің саяси-әлеуметтік мәселелерін терең жыр­лайтын Базар жырау толғауларын өз заманының үздік туындылары деп нық айтуға болады. Мысал үшін жыраудың «Әр кемелге – бір зауал» толғауында адам, аң-құс, жануарлар бейнесі типтендіріле отырып, өмір құбылыстарының мәні ашыла түседі, дүниенің жалғандығы мен өткіншілігі, өзгермелілігі «батыр – бір оқтық, бай – бір жұттық» дегендейін ыңғайда жырланады. Желге жеткізбес жүйрік аң – кер құлан, назбедеу тұлпар, қыран бүркіт, бай мен батыр – Базарша айтқанда бәріне де зауал бар, мәңгілік еш нәрсе жоқ. «Әлі де сенде арман жоқ» делінетін толғауда да сондай:
Көзі ақықтай сүзілген,
Маржандай тісі тізілген,
Келімі келген кермиық,
Сағағынан үзілген,
Белгілі ару қор болып,
Кімдерден жылап қалған жоқ,–делініп ару жайында, одан әрі тұлпар ат, батыр туралы айтылып кетеді. Образды ойлаудың бейнелілігі, көркем тіл дәстүрлі қазақ поэзиясын осы тұста да Базарлық анық ақындық қолтаңбамен байыта түскенін байқау қиын емес. Қазақ әдебиетінің дәстүріне өзіндік мәнерімен ендіріп жіберген осындай үздік үлгілі толғауларын Базекең одан әрі түрлендіре түседі.
«Ел жақсыларында» Сыр өңірі­нің мынадай айтулы тұлғалары жыр­ланады: Өткелбай сыпа, Бекетай молда, Құлбарақ батыр, Самырза, Көбек, Басықара билер, ­Бекмырза, Бәймен, Төртқара, Үмбеттер. Әр­қайсысының есіміне Сыр елінің әр жерінен жер-су атаулары берілген бұндай тарихи тұлғаларымызды жырау басқаларға үлгі ете жырлайды. Осы бағыт «Сұм дүниеде» одан әрі жалғаса түседі. Сұм дүниеден бәрі өткен. Олар: Әбіл­қайыр, Нұралы, Есім, Тәуке, Жәнібек, Абылай мен Жәңгір хандар, олар: Баба түкті шашты Әзиз, Сейтпембет, Мағзам, Марал ишан, Софы Әзиз әулиелер, олар: Жабағы, Сыпа, Өтеген, Ақмырза, Қуан, Көшермен батырлар, олар: Қазыбек, Төле, Әйтеке, Мөңке, Көбек, Өтетілеу, Сарытай, Тампыш, Мұрат, Киікбай билер, олар: Жанқожа, Есет, Қыстаубай, Қасым, Сейіл, Бұқарбай, Малайсары, Жантайлақ, Сәмет, Тоғанас, Қарадос, Өске, Бұдабай, Серәлі, Садыр, Орынбай, Шер­нияз, Шыман, Өтеген, т.б. батырлар мен билер, ақындар мен жыраулар. Бұл айтылғандар – Сыр өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ жұртшылығына танымал есімдер.
Базар жыраудың ақындық орбитасының кең де кемелдігіне таңғаласыз. Осыншама тарихи тұлғаларды қамтып жырлау, олардың өмірін өзгелерге үлгі ете отырып толғану Базарға дейінгі ешбір жырауда болған емес. Өз өлкесі мен елінің елеу­лілерінің есімдерін елеп, өмірлерін көркем шежіреге айналдыра отырып жыр­лау – Базар жыраудың дара қолтаңбасы. Бүгінгі сырбойы­лықтардың жоғарыда аталған есімдерге бей-жай қарай алмайтыны, ата-бабаларының атын есітіп, жанын түлетіп, санасын жаңғыртатыны өнердің арқасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет