Хіі ғасыр ғалымы әз замахшаридің Өмірі және шығармашылығы елеужан Серімов


“Мукаддимат әл-адаб” тілінің лексикалық сипаты. Сөздік құрамы



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93486
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Муккадимат

Мукаддимат әл-адаб” тілінің лексикалық сипаты. Сөздік құрамы. 
Адам – айнала қоршаған ортаның, табиғаттың бір ғана бөлшегі, оның 
эволюциялық дамуының жемісі; табиғат – адамның тірлік құратын, онымен көп 
қырлы байланысқа түсетін ортасы; ал адамдардың өзара бірігіп, қауымдастыққа 
ұмтылуынан – қоғам туындайды. Осы үш негіз (адам, табиғат, қоғам) бір-бірімен 
ажырамас бірлікте, өзара тығыз қарым-қатынаста болып, санамызда бүкіл 
дүнияуи әлем дейтін түсінікті туғызады. Ендеше қай халықтың да тіл байлығы, 
сөздік қоры осы аталған үш негізден құралады. Әрбір көнеден жеткен ескі сөздік, 
жазба ескерткіштердің де негізгі сүйегі де осы. Сондықтан да “Мукаддиматтың” 
жалпы лексикасымен, сөздік құрамымен танысқанда, ең алдымен ондағы табиғат, 
адам, қоғамға қатысты айтылатын сөздерді, барынша шартты түрде, осындай үш 


 ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
мағыналық топқа бөліп алып қарастырдық. Мұндағы көздеген мақсатымыз, 
біріншіден, ”Мукаддиматта” жалпы түркі лексикасынан не бар, не жоғын 
анықтау болса, екіншіден, мұндай шағын мағыналық сөздер тобы қазіргі қазақ 
тілі мен “Мукаддиматтың” өзара тарихи тамырластығын түсінуге үлкен 
жеңілдіктер туғызады. 
Сөздікте табиғатқа қатысты атауларды іштей өзара саралап, табиғат 
құбылыстары, астрономиялық, қоршаған орта, пайдалы қазбалар, жеміс-жидек, 
дән-дақыл атаулары деген тақырыпшаларға топтастырып, жік-жікке бөлдік.
 
Табиғат құбылыстары: азаб йамғұры – азап жаңбыры – 162а, булут – бұлт 
– 155а, ысық – 288б, күнешлік – күншуақ – 246а, мондүз – бұршақ – 354б, муз – 
мұз – 239а, өл – ылғал – 259а, қар – 131а, қуйын – құйын – 313б, савуқ – суық – 
226б, ташғын – тасқын – 342а, толы – бұршақ – 354б, тоз – тозаң – 122а, туман – 
тұман – 124а, тутулды ай – ай тұтылды – 112а, йан – жан – маң – 211б, йаруқлуқ – 
жарық – 169а, йашын – жасын – 131а, йел – жел – 109б, йылдурум – найзағай – 98а, 
зелзеле – зілзала – 173б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет