Хіі ғасыр ғалымы әз замахшаридің Өмірі және шығармашылығы елеужан Серімов



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Муккадимат

Elevjan SERIMOV 
ғалымдарының бірі болды. Арада қаншама ғасыр өтсе де оның есімі мен ғылыми 
дүниелері өлмей, өшпей біздің заманымызға дейін жетіп отыр. 
Әз-Замахшаридің біз үшін негізгі еңбегі – “Мукаддимат әл-адабты” арнайы 
қарастырған зерттеушілер құрамы онша көп емес. Солардың ішінде Н.А. 
Баскаков, В.В. Бартольд, А.К. Боровковтан басқа Э.Н.Нәжіп, өзбек ғалымы Б.З. 
Халидов, түркімен ғалымы З.Б. Мухамедова зерттеу жүргізген негізгі 
жұмыстарына сөздікті салыстырмалы түрде қосымша пайдаланып, ескерткіш 
материалдарының түркімен тіліне қатысын ғана ортадан ойып алып қарастырған, 
яғни түпнұсқаны құрастырушылар “түркімен тілінен” деп белгі соғылған 
сөздерді ғана өз жұмыстарына пайдаланған сыңай бар. Негізінен 
“Мукаддиматты” алғаш жан-жақты зерттеушілердің бірі орыс ғалымы И. Поппе 
болды. Иіні келгенде айта кетерлік жайт – И.Поппе туралы да кейбір бірен-саран 
еңбектерде тиіп-қашты пікірлер айтылғанымен тілі білімі ғалымдары оның өмір 
жолын, сіңірген еңбегін, ғылымға қосқан үлесін күні бүгінге дейін қолға алып 
тиянақты зерттеген емес. Бұлай назардан тыс қалып, бағаланбаудың басты себебі 
– қырқыншы жылдардың басында И.Поппенің басына түскен тағдыр-тәлкегінің 
салдарынан шет елге кетуге мәжбүр болған десиденттік іс-әрекеті деп ойлаймыз. 
Шығыс шекарасынан шет елге өтіп кетті деген сөз бар. Саптаяққа ас құйып, 
сабынан қарауыл қараған сезіктенгіш те сескенгіш, атын атау түгілі еңбегін сөз 
етуге қорыққан сол уақыттардан бері ол жөнінде тіл мамандары ләм-мим жақ 
ашпайды. Осы салқындық бергі уақыттарда “Мукаддиматты” кеңінен зерттелуіне 
де кері әсерін тигізген. 
И.Поппенің қолға алып қарастырғаны сөздіктің хатиб Дервиш Мухамед 
жасаған көшірмесі. И.Поппе 1938 жылы КСРО Ғылым Академиясы баспасында 
жарық көрген, ауқымды екі бөлімнен тұратын еңбегін “Монгольский словарь 
“Мукаддимат ал-адаб” деп атаған. Бірінші бөлімде әз-Замахшари қолжазбасында 
келтірілген монғол сөздеріне фонетикалық, морфологиялық талдау жасаса, 
екінші бөлімінде монғол және түркі сөздерін бір ізге түсіріп, арабша жазылу 
тұлғасын, латынша транскрипциясын, орысша аудармасын берген. Түпнұсқадағы 
сөздіктің әуелгі қалпын сақтамай, сөздерді қайтадан сүзіп қотарып, алфавит 
бойынша рет-ретіне түсірген. Сөздікте келтірілген ауызекі сөйлеу негізінде 
жасалған алты мыңдай түркі тілдік материалы жеке-жеке сөзден ғана емес, 
сонымен қатар жеке фразалық, күрделі сөз тіркестерінен де тұрады. Оның үстіне 
И.Поппе монғол тілін қамтитын бөліктегі сөздердің дені ХІІІ-ХІУ ғасырларда 
Орта Азияда қоныс тепкен жалайыр, барлас руларының тілдерімен төркіндес, 
ұқсас екенін баса көрсетіп айтады 

21, 7-8


Ескерткіш тілінің өзіндік ерекшеліктері, олардың диалектілік ара жігі мен 
айырмасы жөніндегі осы күнгі түркітанушылардың пікірінде бір ізділік жоқ, ала-
құла. Н.А. Баскаков сөзіне қарағанда, В.В. Бартольд оның тілін ХІІ-ХІІІ 
ғасырлардағы орта азиялық түркі әдеби тілінің негізінде жазылғандығын айтса, 
Н.А. Баскаковтың өзі оны шағатай ұлысының әдеби тілінде жазылған мұра деп 
таныған. Э.Н. Нәжіп бұл сөздіктің лексикасы ХІІ ғасырардағы түркілердің 
қалпын көрсетеді деген 

22, 49

. Ал Н.А. Самойлович ХІ-ХІІ ғасырлар 
аралығындағы бірбүтін орта азиялық түркі тілі дамуын іштей өзара үш кезеңге 


 ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
бөліп қарайды: біріншіден - Қарахандық, мәдени орталығы – Қашқар (ХІғ.); 
екіншіден – Оғыз-қыпшақтық, орталығы – Сырдың орта, төменгі сағасы мен 
Хорезм (ХІІ-ХІҮ ғғ.); үшіншіден – Шағатайлық, орталығы – Шағатай ұлысының 
отырықшы бөлігіндегі бірқатар қалалар (ХҮ-ХҮІІІғғ.) 

23, 21-22

. Осылайша 
жіктеу тұрғысынан келгенде “Мукаддимат” екінші – оғыз-қыпшақтық-хорезмдік 
кезеңге кіреді. 
Жалпы, орта түркі жазба ескерткіштерін белгілі бір шығарманың жазылу 
орнына, уақытына, әлеуметтік ортасына, тағы басқа жағдайларға қарап дәуірлеп, 
топтауда бұрынғы өткен-кеткен, қазіргі түркі тілі мамандары өзіндік ғылыми 
тоқтам-топшылауын үнемі сарапқа салып отырған. Соның бәріне жеке тоқталып 
жатуды жұмыс мақсаты көтермейді. Мысалға жоғарыдағы А.Н. Самойловичтің 
жіктеуін келтірсек, бұдан соныкі ғана бірден-бір дұрыс екен деген біржақты 
қорытынды пікір тумауы тиіс. Бұл жерде мәселе “Мукаддиматқа” қатысты кей 
жайлардың басын ашып айқындап алуда жатыр. 
“Мукаддимат” дүниеге келген уақыт Орта Азияда түркі әдеби тіліне негіз 
болған қарлұқ, оғыз, қыпшақ тайпаларының аумақтық және тілдік жіктері әлі де 
болса толық анықталмаған, өзіндік сипат-белгілері ерекшеленбеген, яғни көне 
түркі дәуіріндегі “д” тілден кейін, бірте-бірте ру-тайпалар тілі “з” және “й” 
тілдеріне енді-енді ажырай бастаған кез, сөйтіп, әдеби тілде “з”, “й” диалектілері 
(“азақ”, “айақ”) қатар жүріп қолданылған өтпелі кезең еді. Диалектілік ерекшелігі 
жағынан “Мукаддимат” осы өтпелі кезеңнің жемісі. Сондықтан ХІІ-ХІУ 
ғасырлардағы жәдігерліктер жайындағы “бәріне бірдей ортақ әдеби тілдің 
дәстүрлі ережесіне лайықтап жазылған мұралар, белгілі бір норманы мұқият 
сақтап отырған жазба ескерткіштер” 

24, 46-47

дейтін келелі пікірді әз-
Замахшари сөздігіне де келтіруді орынды санаймыз. 
Осы жерде мынадай принципті мәселелені де назардан тыс қалдырып, 
тілге тиек етпей кетуге болмайды. Негізінде тіл тарихын зерттеуші ғалымдар 
қазақ тілін ескі қыпшақ тілдері тобынан енші алып, бөлініп шыққан тіл ретінде 
танып, соның жұрағаты санайды. 
Ал қыпшақ тілін Орта Азия атырабын мекендеген түркі тайпалары бірнеше 
ғасыр бойы мемлекеттік тіл есебінде қолданып, оны әрісі Египет пен Сирия, 
Шығыс Еуропа, берісі Батыс Украина мен Қырым, Кавказ өңірлері кеңінен 
пайдаланған. “Қыпшақ тілі мамлюктер мемлекетінде түркі тайпаларының әрі 
ауызекі сөйлеу тілі, әрі жазба тілі (іс қағаздары, ғылыми еңбектер, әдеби 
шығармалар жазылатын тіл) болып тұрды. Ол дәуірде бұл тілде қолтума көркем 
әдебиет шығармалары мен аударма әдебиеттер де туындай бастады. Олардың 
ішінде қара сөзбен де, өлеңмен де жазылғандары болды. Әдеби тіл, әсіресе, 
поэзияда биік сапаға жетті” 

25, 53


Италияның Венеция қаласында Әулие Марк ғибадатханасында табылған 
“Кодекс Куманикус” (“Куманша (қыпшақша) сөздік”) жазба мұрасын зерттей 
келе Ә.Құрышжанов: “Орта ғасыр қыпшақтары бір тілде сөйлеген, қай өңірді 
жайлап, қай атырапта жүрсе де олардың ана тілі біреу болған. Барған елге, басқан 
жерге сол тілін ала барған, қолдана жүріп, қолдап отырған” 

26, 7

- деген 
қорытынды шығарады. Ғалым ескі қыпшақ тілі мен қазіргі қазақ тілін үнемі 


Elevjan SERIMOV 
тонның ішкі бауындай қатар қойып, бірге қарастырады. Расында, қазақ тілі өзінің 
ата тілі – ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы көне түркі тілімен ескі қыпшақ тілі арқылы 
жанама түрде қабыса алады. “Мукаддиматты” ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы қыпшақ 
тілді жазба ескерткіштерін руна (ойма) жазулы Орхон-Енесей мұраларын көпір 
іспетті байланыстырып жатқан аралық туынды ретінде таныған абзал. 
Белгілі ғалым М.Томанов: “Қазіргі филология ғылымы жоққа 
шығармайтын методологиялық негіз – тарихи салыстырмалы әдіс. Бұл әдіс уақыт 
жағынан әртүрлі құбылыстарды тікелей емес, сатылай салыстыруды қалайды. 
Егер сол тәсіл тұрғысынан қарар болсақ, қазақ тілі қыпшақ тілі ескерткіштері 
арқылы көне заман мұраларына жалғаса алады” 

27

деп жазған еді. Олай болса 
“Мукаддимат” бойынан көрінетін қыпшақ тілінің диалектілік элементтері қазіргі 
қазақ тілінің өзгерістерге ұшырай отырып дамыған қадым заман, ғасырлар 
иініндегі қалпын әйгілейді. 
Жалпы айтқанда, көне жазба мұраларынан әр дәуірдің бұрынғысымен 
салыстырғандағы дыбыстық, лексикалық, сөз жасамдық, синтаксистік өзгерістер 
жиынтығы арқылы жаңалығын, оларды қазіргі тілмен салыстырғандағы ескілігін 
анықтау әлі де болса жете зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселелер. Әсіресе, 
ортағасыр ескерткіштерінің қазақ тілі тарихына қатысы да тың өзгерістерді талап 
етеді. Өз дәуіріндегі басқа ескерткіштер сынды “Мукаддимат” та алдағы уақытта 
талай сүрлеулі зерттеулер нысанына айналып, соны ойларға өзек болатынына 
сенім мол. 
“Мукаддиматтағы” сөздер мен сөз тіркестерін қазақ алфавитіне 
сәйкестіргенде, кезінде, өткен ғасырдың 30-жылдары сөздікпен тікелей жұмыс 
істеген И.Поппенің белгілеуіне жүгіндік. Сөздіктегі сөздер мен сөз тіркестерді рет-
ретімен түсіргенде И.Поппелік алфавиттік жүйені сақтадық: 
а - а е - е һ - һ L - л о – о s - с й - ү 
в - б f - ф і - і, и m – м о - ө s – ш z - з 
с - ч д - г j - дж п – н р - п t – т у - й 
d - д - ғ k – к пg – ң ч – р и – у ‘ – ғ 
Ескерту: қажеттісі барынша анық болуы мақсатында материалдарды И. 
Поппеде берілгендей латын графикасымен емес, баршаға түсінікті кириллица 
әрпімен белгілеуді жөн көрдік. Одан кейін оның қазіргі тілдегі баламасы 
беріледі, одан соң сөздіктің беті көрсетіледі. Мысалы: ачық кече – ашық түн – 
169а, осылай кете береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет