Жоспары: Медициналық қызметкердің өзіндік мәдениет, логика және стиль, тілі бар науқастармен қарым-қатынас жасауы: әлеуметтік, саяси, діни, кәсіби айырмашылықтар.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады екен. Басты ұлттық топ – қазақтардан басқа, елімізде орыстар, украиндер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, түріктер, немістер, курдтар және басқа да ұлттар қоныстанған.
Қазақстанның экономикалық өсуіне байланысты, Республикамызға шет елден жұмысшылар көптеп келуде.
Науқастардың ерекшеліктері көптеген медициналық параметрлерді анықтайтыны белгілі. Бұл бөлімде мәдениет арасындағы қарым-қатынас жасаудың қарапайым дағдылары жөнінде айтылады.
Мәдениеттер арасындағы коммуникация дегеніміз не?
Мәдениет аралық коммуникацияны «қарым-қатынастың түрлі формаларының жиынтығы, түрлі мәдениетке жататын жеке адамдар мен топтар арасындағы қарым-қатынас» ретінде қарастыруға болады (Грушевицкая Т.Г., Попков В.Д., Садохин А.П. 2003). Бұл авторлар дәрігердің өз тәжірибесінде ескеру қажет түрлі мәдениет аралық коммуникацияның типтерін жіктеп көрсетеді:
ұлт аралық коммуникация (бір қоғамдағы шағын және үлкен ұлттық топтар өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас);
контрмәдени коммуникация (аналар мәдениетінің өкілдері мен қыздар субмәдениеті арасындағы қарым-қатынас);
түрлі әлеуметтік кластар мен топтар өкілдерінің коммуникациясы;
түрлі демографиялық топтар арасындағы коммуникация (діни, жас және жыныс ерекшеліктері бар адамдар мен топтардың коммуникациясы);