Сутектік байланыс - бірмолекуланың құрамындағы сутек атомы екінші молекуланың құрамындағы электр терістілігі басым атоммен сутектік байланыс түзіледі .
Иондық байланыс - электр терістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Металдық байланыс — металл атомдарының сыртқы қабатындағы бос электрондар қатысуымен түзілетін байланыс. Химиялық байланыс валенттік электрондар арқылы жүзеге асады.
Ковалентті байланыста— әрекеттесуші атомдарға ортақ электрондар жұбы пайда болып, олардың санына қарай бір немесе бірнеше еселенген байланыстар түзіледі. Ковалентті байланыстар электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.Полюстімолекулада Химиялық байланыс түзетін ортақ электрондар электр терістілігі күшті атомға ығыса орналасады. Молекуланың полюстілігі диполь моменті арқылы көрсетіледі.Полюссізковалентті Химиялық байланысты молекулада электрон жұбы атомға ауыспай, симметриялы түрде ортада орналасқан. Полюссіз Химиялық байланыстағы қосылыстардың қайнау және балқу температуралары төмен, полюсті еріткіштерде иондар түзбейді, электр тоғын өткізбейді.
ДОНОРЛЫҚ-АКЦЕПТОРЛЫҚ БАЙЛАНЫС – әдетте қосарланған элек- трондары болмайтын атомдар, молекулалар, радикалдар арасындағы химиялывқ байланыс. Әлгіндей байланыс орнатылған бөлшектердің бірі электрондар жұбының доноры, екіншісі акцепторы болып табылады. Акцептор электрондарды қабылдауға қабілетті, бұларға көбінесе оң зарядталған атомдық жүйе жатады. Донорда еркін (бос) бөлінбеген электрондар жұбы болады, ол донорлық-акцепторлық байланыс пайда болған кезде ортақ болады. Донорлық-акцепторлық байланыс орнатылып болған соң, мұның к о в а л е н т т і к б а й л а н ы с т а н іс жүзінде айырмашылығы болмайды. N (азот) атомы (мысалы, NH3), О, Ғ, Cl және ауыспалы металдар атомдары болатын молекулалық жүйелер көп жағдайда донорлар болып табылады.
Иондық байланыс қасиеттері: қанықпаған және бағытталмаған.Иондық байланыстың қанықпағанын, бағытталмағанын былай түсіндіруге болады. Оң тартыла зарядты иондар мен теріс зарядты иондар бір – бірімен тартылғанда олардың электір өрісі сфера сияқты болып келеді. Олардың зарядтары жан –жақты симметриялаталадыы орналасқан сондықтан осындай өріске басқа зарядқа иондар жан – жақты тартыла береді. Бір өріске бірнеше ион сыйады, тартылыс күшпен басқа тебіліс күші болады. Сондықтан бөлшектер рет - ретімен орналасып, сол себептен иондық байланысқан кристалдау болады. Әрбір оң зарядты ионды бірнеше теріс зарядты иондар қоршай алады. Олардың саны координациялық сан деп аталады. Координациялық сан радиуыстар арқылы анықталады. Иондық қосылыстардав молекула деген ұғым жоқ.