50. Комплекстіқосылыстар (лат. complexus — үйлесімділік, қамту), немесе координациялық қосылыстар (лат. со — «бірге» және ordinatio — «реттілік») — бөлшектер (бейтарап молекулалар немесе иондар), берілген комплекс түзушіге ионға (немесе атомға) лиганда деп аталатын бейтарап молекуланың немесе басқа ионның қосылу нәтижесінде түзілетін қосылыс.
Кешентүзуші ион және лиганд ішкі сфераны құрайды, оны кешенді ион немесе кешен деп атайды. Координациялық сан немесе валенттілік ол орталық кешентүзуші ионнның айналасына координацияланатын лигандтар саны. Кешенді ионның заряды сыртқы иондар зарядының қосындысына тең, бірақ мәні кері болады. Кешен түзушінің зарядын табу үшін Кешенді қосылыстардың құрамына кіретін басқа иондардың барлығының зарядының алгебралық қосындысын шығарып, оған теріс мән қояды. Негізгі кешен түзушілерге хим. элементтердің периодтық жүйесінің қосымша топшаларында орналасқан d-элементтері жатады. Маңызды лигандтарға жататын полюсті молекулалар: H2O, NH3, CO, NO, NH2OH, т.б., аниондар: F, Cl-, Br-, Қ-, O2-, OH-, CN-, т.б. Полюсті молекулалар Кешенді қосылыстардың сыртқы сферасында аниондар немесе катиондар болуы кешен ионының зарядына байланысты. Егер қосылыстағы кешен ионының заряды оң болса, сыртқы сферада аниондар орналасады, ал кешен ионының заряды теріс болса, сыртқы сферада катиондар орналасады.
. Комплекс қосылыстардың типтері: Олардың типке бөлінуі құрамындағы лигандалар түріне негізделген. а) Лигандлары су болса аквакомплекстер деп аталады [Al(H2O)6] Cl-; ә) Лигандалары көміртегі (ІІ) болса карбонилдер деп аталады, [Fe(CO)5] б) лигандалары аммиак молекуласы және амин (NH2-) иондары болатын болса, сәйкесінше аммиакаттар және амминаттар деп аталады ([Ag(NH3)2] Cl).