Химия № Атом молекулалық ілімінің пайда болуы және дамуы туралы жазыңыз. М. В. Ломонсовтың, Дальтонның жұмыстарынан мысалдар жазыңыз



бет10/19
Дата26.12.2023
өлшемі24,01 Mb.
#143981
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
ХИМИЯ 50 СУРАК !!!

Коваленттік байланыс. Бірдей атомдар және химиялық қасиеттері ұқсас – атомдар ковалентті байланыс түзеді. Ковалентті байланыс полюссіз және полюсті болып екі топқа бөлінеді. Полюссіз ковалентті байланыс. Бірдей элементтің атомдары полюссіз химиялық байланысты молекулалар түзеді
Екі атомнан бірдей қашықтықта орналасқан қос электрондар арқылы түзілген химиялық байланысты полюссіз ковалентті байланыс дейді, ал осындай байланыс арқылы түзілген молекулаларды ковалентті (полюссіз) молекулалар дейді.
Полюсті ковалентті байланыс. Әр түрлі элементтердің атомдары өзара әрекеттескенде олардың арасында да қос электрондық байланыс түзіледі. Бірақ бұл жағдайда қос электрон екі атомнан бірдей қашықтықта орналаспайды. Молекуладағы қай атомның электртерістігі басым болса, қос электрон сол атомға жақын орналасады.
Иондық байланыс. Химиялық қасиеттерінің арасында үлкен айырмашылықтары бар элементтер бір бірімен әрекеттесіп ионды қосылыстар түзеді. Екі атомның арасындағы қос электронның сол атомдардың біреуіне толықтай көшуінің нәтижесінде түзілген иондар арасындағы химиялық байланысты иондық байланыс деп атайды. Иондық байланыстың негізгі теориясын 1916 жылы Коссель ұсынды.
Донорлы – акцепторлы байланыс. Донорлы – акцепторлы байланыс дайын молекулалардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Молекуланың біреуіндегі атомның дайын қос электроны болады – ол донор, ал екінші молекуладағы атом орбиталі бос болады – ол акцептор. Мұндай екі молекула жақындасқанда, донор өзінің дайын қос электронын береді, ал акцептор қос электронды өзінің бос орбиталына қабылдайды. Осының нәтижесінде донор мен акцептордың арасында қос электронды байланыс түзіледі. Мұндай байланыстың түрін донорлы-акцепторлы байланыс дейді.
Сутектік байланыс. Бұл типті байланыс түзуге химиялық қосылыстардағы сутек қатысады. Полюсті бір молекуладағы сутектің полюсті екінші молекуладағы электртерістігі басым элементке тартылуы арқылы түзілетін химиялық байланысты сутекті байланыс дейді.

Металдық байланыс. Металдардың сыртқы қабатында бірден төртке дейін ғана электрондар болады. Сондықтан олар валенттілік электрондарын беріп оң зарядты иондарға оңай айналады. Бұл электрондар белгілі бір атомдарға тән болмай, барлық атомдарға ортақ болады. Металдардың кристалдық торлары нейтрал атомдар мен катиондардан тұрады. Металдарға ретсіз қозғалып жүрген электрондар катиондарға тартылып химиялық байланыс түзеді және олар катиондармен қосылып уақытша нейтрал атомдар түзуі мүмкін. Ковалентті және иондық байланыстардан айырмасы металдардағы ортақтастырылған аздаған электрондар, біріншіден, көптеген катиондарды бір-бірімен байланыстырып тұрады, екіншіден металл бойымен еркін қозғалып жүреді. Осындай байланыстың ерекше түрін металдық байланыс дейді.

18.Ковалентті байланыстың қасиеттері


1. Коваленттік байланыс қаныққан байланыс, оның себебі электрон жұбы түзілгенде, ол жерде үшінші электрон болмайды
2.Ковалентті байланыстың полярленуі: әр түрлі химиялық қосылыстар атомның бір түрінен тұрмайды, егер химиялық коваленттік байланысты екі түрлі атом түзсе, электрон қосағының бұлты пішінін өзгертіп, электтерістігі үлкендеу атомға қарай ығысады. Осы құбылыс- полярлену деп аталады.
3. Ковалентті байланыстың бағытталуы. Ковалентті байланыстың екі атомның электрон бұлттары бүркескенде түзілетінін білеміз. Егер орбитальдардың бүркесу бөлігі байланысушы атомдардың ядроларын жалғастыратын түзу сызықтың бойына орналасса, сигма - байланыс түзіледі. Сигма - байланыс берік байланыс. Ал егер орбитальдардың бүркесу бөлігі ядроларды жалғастыратын түзудің бойында емес, сол түзудің екі жағына орналасса ПИ-байланыс орын алады.
Кейбір молекулаларда әрі сигма - байланыс әрі пи -байланыс түзіледі. Бұл – еселі байланыстар
19.Ковалентті байланыс түзілуінің екі механизмі: дара электрондардың ортақтасуы (алмасу) және донорлық–акцепторлық механизмдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. Мысалдар келтіріңіз. Коваленттік байланыстың қазіргі кездегі теориялары жөнінде ұғымын жазыңыз.

Жауабы: Н2,о2,N2 сияқты элементтер үнемі 2 байланыспен жүреді сол үшін концентрация жылдам әрі көп жағдайда түзіледі.Дара байланыс дегеніміз ягни ол бір элементтің өзі жеке дара болуы

20.Иондық байланыстың түзілу механизмін тұжырымдаңыз. Иондық байланыстың қасиеттерін жазыңыз.

Жауабы:Иондық байланыс. қарама-қарсы зарядталған иондардың кулон күштері арқылы тартылысуы нәтижесінде түзіледі. Ал кулон күштері – қанықпайтын күштер, демек, иондық байланыс қанықпаған байланыс. Егер ион зарядталған шар деп есептесек, оның электр күштері ионды қоршаған кеңістіктің барлық жағына біркелкі бағытталған. Катион мен анион бірінен– бірі жақындасқанда күш өзгерістерін толық қанықтырмайды. Сол себептен катион да, анион да, басқа бағыттар бойынша қарсы зарядталған көптеген басқа иондарды тартып, байланысқа түсе алады.


Иондық байланыстың қасиеттері. Иондық байланыстың қасиеттерін коваленттік байланыстың қасиеттерімен салыстырып қарастырамыз. Коваленттік байланыс қанымдылықты көрсетеді. Атомның түзетін коваленттік байланыстарының саны оның валенттік орбитальдарының санынан аспайды. Валенттік орбитальдар пайдаланып біткен соң, атомның коваленттік байланыс түзу мҥмкіншілігі қанығады. Мысалы, сутек атомының бір-ақ валентік орбиталі бар, сутек атомдары сутек молекуласына біріккенде екі атомның екеуінің де валенттік орбитальдары толық пайдаланып бітеді. Сол себептен сутек молекуласы Н2 сутектің үшінші атомын қосып ала алмайды.

21. Металдык байланыстын тузілу механизмін тужырымданыз. Металдык байланыстын кристалдык торын өз сөзіңізбен жазыңыз .Металдык байланыс пен ковалентті байланыстың уқсастықтары мен айырмашылыктарын көрсетіңіз. Металдық байланыс пен ковалентті байланысқа мысалдар келтіріп жазыныз. Металл кристалды тор-бұл иондар мен металл атомдарынан тұратын құрылым және олардың арасында электрондар еркін қозғалады. Қарапайым болжам бойынша, бұл тек металдар мен қорытпаларға тән. ұқсастығы мен айырмашылығы Металл байланысы ковалентке кейбір ұқсастықтарға ие, өйткені ол валенттік электрондарды жалпылауға негізделген. Алайда, коваленттік байланыс жасайтын электрондар байланысқан атомдарға жақын және олармен тығыз байланысты. Металл байланысын жүзеге асыратын электрондар бүкіл кристалда еркін қозғалады және оның барлық атомдарына жатады. Сондықтан коваленттік байланысы бар кристалдар сынғыш, ал металлмен — иілгіш, яғни олар соққы кезінде пішінін өзгертеді, жұқа парақтарға оралып, сымға тартылады. Коваленттік байланыс сияқты, металдық байланыс пайда болған кезде электрондар жалпыланады. Алайда, электрондар белгілі бір атомдардың жанында локализацияланған коваленттік байланыстан айырмашылығы, металдардағы электрондар барлық Кристалл атомдары арасында, яғни металл байланысы делокализацияланған.


22Иондық байланыс пен ковалентті байланыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. Иондық байланыс пен ковалентті байланысқа мысалдар келтіріңіз. Cl2 және CO молекулаларының арасындағы байланысты МО әдісі тұрғысынан реттеңіз.

Иондық және коваленттік байланыстар атомдар арасында электрондарды бөлуді немесе беруді қамтитын химиялық байланыстың екі түрі болып табылады. Ұқсастықтары: 1. Байланыстың екі түрі де атомдардың электрондары арасындағы әрекеттесуді қамтиды. 2. Екеуі де атомдар үшін неғұрлым тұрақты электронды конфигурацияға жету жолы. Айырмашылықтар: 1. Электронды ортақ пайдалану тасымалдау: -Иондық байланыстар: электрондардың бір атомнан екінші атомға ауысуын, зарядтары қарама-қарсы иондардың пайда болуына әкеледі. - Ковалентті байланыстар Атомдар арасында электрондарды бөлуді қамтиды. 2. - Иондық байланыстар:Металл мен бейметал арасында түзіледі. - Ковалентті байланыстар:Әдетте екі бейметал арасында түзіледі. 3. - Иондық байланыстар: Толық сыртқы электрондық қабаттары бар иондар пайда болады. - Ковалентті байланыстар: Толық сыртқы электронды қабатқа жету үшін атомдар электрондарды бөліседі. Мысалдар: 1. Иондық байланыстың мысалы: Натрий хлориді (NaCl) - Натрий (Na) хлорға (Cl) электрон беріп, бір-бірін тартатын Na+ және Cl- иондарын түзеді. 2. Ковалентті байланыстың мысалы: Сутегі молекуласы (H2) - екі сутегі атомы коваленттік байланысты құра отырып, тұрақты конфигурацияға қол жеткізу үшін электрондарды бөліседі



23.Химиялық байланыстың негізгі типтері: донорлы – акцепторлы байланысты тұжырымдаңыз. Донорлы – акцепторлы байланыстықа мысалдар келтіріңіз. Иондық байланыстың қасиеттері. Иондық байланыстың қанықпағанын және бағытталмағанын салыстырып анықтаңыз


Химиялық байланыстың негізігі типтері :



  • Сутектік байланыс

  • Иондық байланыс

  • Металдық байланыс

  • Кавалентті байланыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет