Оқытудың мақсаты: Қаныққан, қанықпаған көмірсутектердің
номенклатурасын,
изомериясын, құрылысын, қасиеттерін және қолданылуын қарастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Көмірсутектер (алкандар, алкендер, алкадиендер,
алкиндер, карбоциклдер, алициклдер, арендер), қасиеттері және қолданылуы. Моно- және
полифункционалды қосылыстар.
Нуклеофильді алмасу, элиминирлену. Негізгі заңдылықтар.
Синтездеу әдістері және қасиеттері.
Күтілетін нәтижелері: :
Көмірсутектер пәні бойынша, білім алушы талапқа
сай оқу бағдарламасын игеріп, алған
білімдерін медицинада, өндірістік химияда, женіл өнеркәсібінде іске асыруға мүмкіндік береді.
Пререквизит: Элементтер химиясы, органикалық химияның теориялық негіздері.
Постреквизит: Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, химиялық қосылыстарды
синтездеу.
Оқытушы: химия магистрі,аға оқытушы Егембердиева С.
10.3. Пән атауы: Карбонилді және азотты қосылыстар. (3кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты: Карбонилді және азотты қосылыстардың құрылысын,
қасиеттерін,
қолданылуын қарастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Карбонилді қосылыстар (альдегидтер, кетондар),
полярлылық, қасиеттері, қышқылды-негізді катализ, кето-енольді таутомерия, қайта топтасулар.
Карбон қышқылдары және олардың туындылары. Азотты органикалық қосылыстар
(нитроқосылыстар, аминдер, диазоқосылыстар), синтездеу әдістері және қасиеттері, қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: